Іс-шара барысында спикерлер Тараздың әлемдік мәдениеттегі рөлін, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаланың ежелгі және ортағасырлық археологиясын зерттеу тарихын талқылады.
Айша бибі кесенесі, XI-XII ғғ.
Қарахан кесенесі, XI ғасыр.
Сондай-ақ, Қарахан мен Айша бибі кесенесі сияқты Жамбыл облысының республикалық маңызы бар мұра тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихы мен аңыздары жария етілді. Бұл екі нысан, ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржандары ретінде - Қазақстанның 100 киелі орнына жатады. Айша бибі кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне кіреді және туристер мен зерттеушілер арасында үлкен танымалдылыққа ие. Тараздың ежелгі сәулетшілерінің тағы бір, ғажайып туындысы — ортағасырлық Қарахан кесенесі,бұл аймақты X-XII ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінен шыққан.