Алматыда «Қазақконцерт» жұлдыздарының қатысуымен «Ғашықтар үні» атты мерекелік концерт өтті

Алматыда «Қазақконцерт» жұлдыздарының қатысуымен «Ғашықтар үні» атты мерекелік концерт өтті

Алматы қаласында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне орай «Ғашықтар үні» атты мерекелік концерт өткізді.

Кеш бағдарламасында алтын қордағы классикалық туындылардан бастап заманауи хиттерге дейінгі әсерлі дуэттер мен жеке орындаулар ұсынылды. Сондай-ақ махаббат, адалдық және шабыт тақырыбындағы лирикалық әндер мен әсем би нөмірлері көрермен көңілінен шықты. Атап айтқанда, сахнада «Мен сені жақсы көрем», «Есіңе мені алғайсың», «Je t’aime», «Қарағым-ай», «Махаббат алауы», «Жұмақтағы кездесу», «Шақырады көктем», «О, махаббат», «Жүрек сыры» және өзге де шығармалар орындалды.

Іс-шара Live Band сүйемелдеуімен өтіп, жанды дауыста шырқалған әндер кештің көркін аша түсті. Көрермен қауым әрбір композицияны ыстық ықыласпен қабылдап, өнер иелеріне зор қошемет көрсетті.

Сахна төрінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, сондай-ақ Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Еркен Ынтықбаев, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Бибігүл Қилымхан, Райым Уайс, Мади Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнәр Көшенова, сондай-ақ «Azia» және «Меломен» топтары өнер көрсетті.

17
15.04.2026