Музыкалық кеш 23 қарашада К. Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді.
Италияның бүгінгі таңдағы ең қызықты авторлары мен орындаушыларының бірі өз шығармашылығында әртүрлі стильдерді сіңіреді, өзінің бірегейлігін жоғалтпай эксперимент жасайды. Шығармалар жанға еніп, тыңдаушылармен ерекше байланыс орнатады, бұл эмоционалдық және рухани үйлесімділік сезімін тудырады, сондықтан Маурицио Биньоне шығармаларының iTunes чарттарында үнемі бірінші орындарды иеленуі және Италия, Франция, Нидерланды, Бельгия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Жапония, Сингапур, Қытай, Қазақстан және т.б. көптеген беделді фестивальдарының ірі концерт залдары мен бағдарламаларында ойнауы таңқаларлық емес. Сонымен қатар, әртіс Палермодағы Массимо театрының, Сицилия оркестрінің, Берлин филармониялық оркестрінің, Кельндегі Гюрцених оркестрінің, «Филадельфия виртуоздері» камералық оркестрінің, «Астана Опера» театрының инструменталистерімен, сондай-ақ Сингапурдан шыққан Tan'g квартетімен, Сицилия триосымен және Еуропа мен Америка елдерінен келген көптеген концерттік соло-музыканттармен тығыз ынтымақтастықта.
«Ішкі ойлар» атты жаңа жеке фортепианолық жобасында орындаушы, композитор және жазушы адам табиғатының табиғат құбылыстарына және өзіне деген қатынасын құмарлықпен және шексіз сезімталдықпен сипаттайды. Елордалық тыңдармандар жақын арада танысатын жоба Палермо, Рим (Италия), Гамбург, Данненберг, Зальцведель, Хитцакер (Германия), Амстердам (Нидерланды), Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу (Бразилия) және т.б. қалаларда табысты көрсетілді.
Маурицио Биньоненің авторлық шығармалары «Астана Операда» бұрыннан бері ойналып келеді. Дәл осында әртүрлі жылдары театр әртістері мен АҚШ және Сербиядан келген шақырылған солистердің орындауында оның екі ірі шығармасының әлемдік премьерасы өтті – альт, екі скрипка, фортепиано және камералық оркестрге арналған «Зельда туралы аңыз» және скрипка, альт және оркестрге арналған «Икебана» концерттік симфониясы. Қазақстандық көрермен бұл композицияларды жоғары бағалады және енді оның алдында итальяндық музыканттың шығармашылығымен одан да терең танысу тұр, бірақ өз орындауында.