
25-26 шілде күндері өтетін Creative Aimaq республикалық жобасы аясындағы Шығыс Қазақстан облысының креативті индустриялар көрмесінде келушілер арасында өңірдің ең көрікті туристік бағыттарының біріне екі адамға арналған жолдама ойнатылады. Көрмеге қатысу үшін елордаға 50-ге жуық креативті индустрия өкілі арнайы келді.
Бағдарламаның басты оқиғасы – SAMGA балалар театрының Абайдың «Болыс болдым, мінекей» туындысы бойынша қойылымы. Сондай-ақ екі күн бойы сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және авторлық бағыттар бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Баршаңызды 25-26 шілдеде Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub-қа келіп, отандық креаторларды қолдауға шақырамын!