
Креативті индустрияларды дамыту қорының Басқарма төрағасы Ерлан Каналимов Алматы қаласындағы Qazaq Óner қолөнершілер орталығының жұмысымен танысып, Qazaq Óner ұлттық қауымдастығының жетекшісі Айгүл Жансерікпен Qazaq Creative пен орталық арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында қолөнершілерді қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, ұлттық брендтерді ілгерілету, өнімдерді нарыққа шығару және қазақстандық қолөнерді халықаралық деңгейде таныту мәселелері қаралды.
Орталық шеберлерді, дизайнерлерді және шығармашылық кәсіпкерлік өкілдерін біріктіріп, киіз басу, керамика, зергерлік өнер, тоқымашылық, кесте тігу, батик және сәндік-қолданбалы өнердің басқа да бағыттарын дамытуға жағдай жасайды.
Qazaq Creative дәстүрлі қолөнерді сақтай отырып, оны заманауи кәсіпкерлікпен ұштастыруға және шеберлердің кәсіби әрі нарықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдайды.