Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігінде, Ресеймен және Қытаймен шекарада орналасқан. Облыс батысында Абай облысымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысы ормандарды, өзендерді, көлдерді және тауларды қоса алғанда, бай табиғи ресурстарға ие. ШҚО-ның ең биік нүктесі - Белуха тауы. Аймақ аумағында Алтай және Саур-Тарбағатай таулары созылып жатыр, олардың шыңдарында мәңгілік мұздықтар бар. Облыста Қазақстанның барлық су қорының 40%-дан астамы шоғырланған. Өңірдің басты өзені - Ертіс, сонымен қатар ШҚО-да ауданы 1 гектардан асатын мыңға жуық көл бар. Ірі қалалары: Өскемен және Риддер.
Әкімшілік орталық
Өскемен