qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
«STRANGER» туры аясындағы Димаш Құдайбергеннің Стамбулда өткен мерейтойы
Димаштың әрбір жеке концерті қазақ мәдениетінің мерекесіне айналып, барлық қаладағы қойылымдар бірегей шоумен есте қалады…

Стамбулдағы «Бешикташ» стадионында Димаштың, оның отбасының, достары мен әріптестерінің, әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған тыңдаушылардың ерекше кездесуі өтті.

«Stranger» шоу бағдарламасы осы кеште туған күнін тойлаған әншінің қонақтары мен достарының қойылымдарымен безендірілді. Әртісті құттықтауға Түркиядан, Қазақстаннан, АҚШ-тан музыканттар келді.

Димаштың жеке концертінің арнайы қонағы, әнші, композитор, ән авторы, гитарист, халықарасында шығармашылығымен ғана емес, қайырымдылық қызметімен де кеңінен танымалмузыкант, түріктің халық хард-рокын жандандырған Халук Левент қабылдаушы ел атынан қазақстандық әртісті түрік жерінде қарсы алып, Димашқа гитара сыйлады.

Рокер Халук пен классикалық вокалист Димаштың орындауында акустикалық гитараның сүйемелдеуімен ең танымал түрік әндерінің бірі «Gesi Bağlari» орындалды.

Концерттің тағы бір қонағы, Димаштың былтыр Түркияда өткен алғашқы концертінде қолдау көрсеткен және сол концертте «Weekend» әнін алғаш рет бірге орындаған танымал диджейБурак Йетер. Жарқын және көрерменді баурап алатын туынды сахна төрінде қайтадан орындалып, көрермен қошеметіне бөленді.


Концертке келген ерекше қонақтардың бірі Димаштың досы, қазақстандық композитор Ренат Гайсин. Маэстро Гайсиннің фортепианода және қобызшы Олжас Құрманбектің сүйемелдеуімен Димаш «Қайран Елім» әнін орындап, сахна саңлақтарының адам тағдырына алаңдаушылығын жеткізе білді.

Мерейтойлық кеште Димаш алғаш рет Лос-Анджелестен келген қонағы композитор, продюсер, көптеген танымал музыкалық шығармалардың авторы Нейтан Вангпен бірге өнер көрсетті.


Композитордың сүйемелдеуімен Димаш атақты Джеки Чанның «Авангард» фильміне жазылған саундтректі орындады. Димаш «Happy» композициясын фильмнің қорытынды әні ретінде 2020 жылы жазған еді. Димаш пен Нейтанның қойылымы көрермендер үшін үлкен тосын сый болды, фортепианода шебер орындау мен қытай тілінде шырқалған әнді көрермендер ерекше ықыласпен қабыл алды.


Шоу бағдарламада Димаштың үлкен досы, композитор Игорь Крутойдың шығармалары ерекше орын алады. Жанды баурайтын «Olimpico» кантатасы мен «Ave Maria» үлкен алаңда шебер шырқалып, кеңістікті ерекше көңілге бөледі. Қазақтың ұлттық болмысын айқындайтын «Stranger» Димаш пен Игорь Крутойдың шығармашылық тандемінде жарық көрген жарқын туынды концерттік бағдарламаның титулдық әні саналады.

Концерт барысында әртістің жанкүйерлері Димаштың шығармашылық өмірінде ерекше орын алатын «Battle Of Memory» және «Sos D’un Terrien En Détresse» хиттерін бірге шырқады. «Stranger» мен «Дүрдараз» орындалғанда жиналғандар ұлттық аспаптардың әр дыбысына иланып, таңданысын жасырмады.

Димаштың авторлық композициялары «Ұмытылмас күн», ең ірі туындысы The Story Of One Sky», сондай-ақ жаңа туындылары, пайда болу уақыты мен стильде ерекшелігі бар «Smoke» мен «When I' Ve Got You» бүгінгі концертте ерекше әуенмен шырқалды. Dears сөздерін жатқа білетін «Махаббат бер маған» әніне стадионда қосыла айтқан жан болмаған шығар, ал үлкен жүректі әнші ол кезде Қазақстан туын мақтанышпен ұстап тұрды.


Ақпарат https://ru.dimashnews.com/category/dimash-world/

28 мая, 2024
312
Осы туындымен бөлісіңіз: