qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Астанада «Опералия-2024» фестиваліне әлемнің 9 елінен келген жұлдыздар жиналады
«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалінің ашылуы елордада 31 мамырда өтеді. «Астана Опера» сахнасында Грузия, Испания, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Украина және Чехиядан танымал әртістердің қатысуымен жиырмадан астам қызықты іс-шара ұсынылады. Әр түрлі елдер мен дәуірлердің өнерін біріктіретін мәдени марафон 31 мамырдан 13 шілдеге дейін жалғасады, бағдарламада опералық қойылымдар, балет пен концерттік қойылымдар қамтылған.

М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы

- Театр сахнасында екінші жыл «Опералия» өткізу мүмкіндігін мақтан тұтамыз. Бұл керемет фестивальдің жиырма жылдан астам уақытқа созылған тарихы бар. Жыл сайын ол біздегі театр өнерінің беделін көтеріп, елдің мәдени өмірін байытады. «Опералия-2024» әлемдік деңгейдегі қойылымдарды ұсынатынына күмән жоқ. Осылайша, елорда тұрғындары мен қонақтарына қазақстандық әртістермен қатар итальяндық әншілер: сопрано Дезире Ранкаторе, баритон Альберто Газале, тенор Джулио Пеллигра, дирижер және бағдарлама авторы Джузеппе Акуавива да өнерлерін ұсынады, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Астана Опера» директоры Ғалым Ахмедьяров.


Фестивальдің ашылу салтанатында фойеде опера қойылымдарынан орындаулар, костюмдеркөрмесі мен «Опералия» бағдарламасына енген спектакльдердің реквизиттер көрмесіұсынылған театрландырылған шоу өтеді.

Костюмдер көрмесі

Фестиваль аясында опера және балет өнерінің үздік үлгілері ұсынылады. Олардың ішінде әрқайсысы ерекше назар аударуға лайық жарқын опералар бар: ұлттық операның бай әлеміне жол ашатын қазақ композиторы М. Төлебаевтың классикалық туындысы «Біржан – Сара» операсы, Дж.Пуччинидің әйгілі «Турандот» операсы шақырылған солистер грузин теноры Георгий Ониани, украин сопраносы Оксана Крамарева, чех сопраносы Либуше Санторисовалардың қатысуымен қойылады, оларды сахнада спектакль белгіленген күндерде көруге болады.


Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық опера қойылымы фестивальге жеңілдік пен романтикалық көңіл-күй қосады. П. Чайковскийдің «Евгений Онегині» Ресейлік Элеонора Макарова мен Евгений Качуровскийдің, сондай-ақ Тәжікстаннан келген Шохрух Юнусовтың қытысуымен өтеді. Әншілердің шеберлігі тыңдаушыларға әлемдік операның шедеврін қайта ашуға мүмкіндік береді.

 Г. Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы 


Балет өнерін сүйетіндерді эксклюзивті қойылымдар күтеді. Хореограф Ролан Петидің 100 жылдығына орай оның әйгілі екі балеті көрсетіледі: М.Жарраның «Париж Құдай ана соборы» - бұл қойылым Квазимодоның Эсмеральдаға деген қайғылы махаббат хикаясын баяндайды. Л. Делибтің «Коппелиясы» жан біткен қуыршақ туралы жеңіл және көңілді балет.

 М. Жарраның «Париж Құдай ана соборы» балеті 

 Л. Делибтің «Коппелия» балеті


Үлкен залда да, К.Байсейітова атындағы камералық залда жоспарланған концерттік бағдарламалар да қызыққа толы. «Дархан дала» ұлттық музыка концерті Қазақстанның дәстүрі мен мәдениетіне енуге мүмкіндік береді. «Астана Опера» сахнасында тұңғыш рет Тәттімбет атындағы академиялық оркестр елордалық опера театры хоры мен солистерінің қатысуымен толық концерттік бағдарламаны ұсынады. Италиялық жұлдыздар қатысуымен өтетін «Гала-опера» мен Ресейден Елена Воробьева мен Алексей Селиверстов, Қытайдан Чжан Хайдун, Чжан Юйи мен Сун Хуйсин шақырылған «Гала-балет» ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Камералық залда жеті концерт жоспарланған, олардың көбінде шетелдік әртістер – Иньяки Альберди (аккордеон, Испания), Кетеван Абиатари (сопрано, Италия / Грузия), Елизавета Александрова (арфа, Санкт-Петербург) өз өнерлерін ортаға салады. Генрик Венявский атындағы скрипкашылардың XVI Халықаралық байқау лауреаты Меруерт Карменованың (Бельгия / Қазақстан), Astana Piano Passion халықаралық байқауының лауреаттары Александр Кутузов пен Бекзат Ракымовтың (Алматы / Мәскеу) концерттерін де ерекше атап өтуге болады.


Дирижерлар Алан Бөрібаев, Абзал Мұхитдин, Джузеппе Акуавива, Ерлан Бақтыгерей, Руслан Баймурзин мен Эльмар Бөрібаевтар да көрермен ықыласына бөленері анық.


Фестивальдің көркемдік әртүрлілігін көрсететін және финалдық қойылым ретінде К.М. фон Вебердің «Еркін атқыш» операсының ерекше премьерасы – концерттік қойылым ұсынылды. Осылайша, «Астана Опера» көрермендерді өз өнерімен шабыттандыратын және таң қалдыратын жетекші театр мәртебесін тағы да растайды.


«Опералия» халықаралық музыкалық фестивалі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтуде

30 мая, 2024
207
Осы туындымен бөлісіңіз: