Алматыда «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңке өтуде
ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңке өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқырман талғамын насихаттау және қалыптастыру.
Бұл аспектінің маңыздылығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде атап өтті. «Біз, ең алдымен, жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлт боламыз. Біздің ұлтымыздың алға жылжуының ең маңызды қадамы – кітап. Сондықтан біз жоғары оқу мәдениетін қоғамға дәйекті түрде енгізуіміз керек».
Көрмеге Қазақстандағы ірі баспалар қатысты. Іс-шара аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері, авторлармен кездесулер, қолтаңба-сессиялар, балаларға арналған шеберлік сыныптар өтті.
Көрмеге келушілерге қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаровпен, «Қазақ қазынасы» кітабының тұсаукесірін ұсынған белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлымен шығармашылық кездесуі ұйымдастырылды.
Шетелдік қонақтардан танымал орыс жазушысы Гузель Яхина қатысты. Гузель «Зулейха көзін ашады» және «Самарқандқа эшелон» романдарының қазақ тіліне аудармасын таныстырады.
Көрме-жәрмеңке өтетін күндері келушілерге кітап авторларымен кездесуге мүмкіндік бар.
Мекен-жайы: Алматы, Абай даңғылы, 14; ҚР Ұлттық кітапханасы
Мерзімі :15-17 мамыр, сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін