Қазақстан кино орталығы алғаш рет "Marche du Film"кино нарығына қатысады
Каннда 77-ші Халықаралық кинофестиваль ашылды. Фестиваль 12 күн бойы 35 мыңнан астам қонақты қабылдайды. Беделді жүлде үшін жарысқа 22 кинокартина қатысады. Байқау аясында ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы алғаш рет «Marche Du Film» кино нарығына қатысады.
Қазақстандық делегация қатысушыларға Kazakhcinema стендін ұсынды, онда қазақстандық киноөндіріс, Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметі, сондай-ақ болашақ жобалар туралы мәліметтер ұсынылды.
Kazakhcinema «Кинематография туралы» ҚР Заңында бекітілген шетелдік киноөндірісті субсидиялау жүйесін (рибейт) таныстыруға баса назар аударды.
«Marche Du Film»-ге қатысудағы басты мақсаты бірлескен жобалар үшін серіктестер тарту, сондай-ақ шетелдік кинопродюсерлерге отандық кинолокацияларды ұсыну.
Айта кету керек, Қазақстан халықаралық кино нарыққа жыл сайын қатысады. Бұл іс-шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі және ол 2024 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
«Marche Du Film» - дайын және жоспарланған кинофильмдерге дистрибьюторлық құқықты сатуға және сатып алуға, жобаларға продюссерлер тарту және таныстыруға арналған Канн кинофестивалі бағдарламасының бір бөлігі. «Marche Du Film» 1959 жылы ресми түрде тіркеліп, жыл сайын киноиндустрия саласында еңбек ететін 12 мыңнан астам маманды тартады, онда миллиондаған долларлық мәмілелер жасалады және жалпы айналымы 600 мыңнан миллиард АҚШ долларға децнгі көлемді құрайды.