«Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылды
Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылды.
Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85 жылдығы аясында облыстық музей қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» көрмесі ашылды.
Экспозицияда:
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген Қорқыт мұрасы;
ХІХ-ХХ ғасырларда Сыр бойы қазақтары пайдаланған құнды этнографиялық бұйымдар;
зергерлік бұйымдар коллекциясы;
Сыр елінен шыққан белгілі тұлғалардың домбыралар коллекциясы;
С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы қорында сақталған қылқалам шеберлерінің 40-қа жуық картиналары, т.б. құнды заттпр бар.
Сондай-ақ, көпшілік назарына Сыр бойындағы ежелгі өркениет іздері, Тәуелсіздік жылдарында Шірік Рабат, Сығанақ, Түгіскен, Жетіасар, Жанкент, Қышқала, Асанас қалашықтарына жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі ұсынылып отыр.
Іс-шараға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері қатысады. Көрме 5-19 желтоқсан аралығында өтеді.