«Бізге дәрігер керек» фильмі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын ашады
2024 жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады.
Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады.
Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады.
Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді. Аталмыш фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.
«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді фильм режиссері Равиль Трумов.
Бұл туынды қазақстандық кино шеберлерінің нәтижелі жұмысының жемісі. Фильмнің сценариін Асқар Бисембин, Сәкен Токтағұлов, Мейірман Әбдіраимов және Равиль Трумов жазған. Композитор Алексей Маклайдың музыкасы оқиғалардың шынайылығын әсерлі етіп, әркімнің сезімін тербетеді. Қоюшы операторлар Евгений Махметов пен Қазбек Әміржановтың шеберлігі әр көріністі көркемдей түсті.
Көрермендер фильмдегі кейіпкерлердің жан дүниесімен актерлердің шынайы ойыны арқылы танысады. Әсіресе, Серік Шәріп пен Қарақат Башанова өз рөлдерін шеберлікпен сомдап, фильмге ерекше жылулық сыйлады. Актерлік ансамбль қазақстандық кинематографтың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдейді.
Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.
Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.
Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.
Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews.