«Ситуативті қазақ тілі». Қазақ әлемі Қанат Тасыбековпен бірге»
«Ситуативті қазақ тілі. Қазақтар әлемі» – жай кітап емес, ол Қазақстанның мәдени өмірінде нағыз бестселлерге айналды. Жалпы таралымы 50 000 дана болған Тасыбековтың қазақ тілін өздігінен үйрену бірегей құралы «Эксперт Қазахстан» интернет порталының рейтінгі Қазақстан азаматтарының ұлттық санасына әсер ететін топ-100 кітапта лайықты орын алды.
Жақында автор кітаптың «Kazakh Language in Context: Unveiling the Essence of Kazakhs» атауымен ағылшын тілінде шығуына байланысты кітап тұсаукесерін өткізді. Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен басқосуда ағылшын тілінде сөйлейтін аудиторияға қазақ тілі мен дәстүрлерінің бірегей әлемі таныстырылды. Кітапта тек тілдік ерекшеліктерді ғана емес, сонымен қатар қазақ менталитетінің аспектілері, әлеуметтік иерархия, дәстүрлер, нанымдар, сондай-ақ көркем мінез бен этикет ережелері де орын алған.
Кітап автор Қанат Тасыбековтың көп жылдық еңбегі, дүниетанымы мен өмірлік тәжірибенің нәтижесі. Автор ересек кезінде қазақ тілін өзі бірнеше рет үйреніп көргенін, бірақ қолданыстағы әдістердің ешқайсысы оған көмектеспегенін атап өтті. Содан кейін ол өзінің әдісін жасап шығаруды ұйғарған.
Ол Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген, тағылымгерден зооинженерге дейін еңбек етіп, Франциядағы Бургундия университетінде докторантурадан өтеді, кейін өзін қазақ тілін үйренуге және насихаттауға арнауға шешім қабылдайды. Оның бірегей оқулығы жай кітап емес, оны қазақ халқының мәдени мұрасымен байланыстыратын көпір ретінде де қарастыруға болады.
Бірақ «Ситатуивті Қазақстан. Қазақтар әлемі» кітап қана емес. Оқулық Қазақстан мәдени мұрасын сақтау және дамыту жолындағы күш-жігердің жеке нышаны. Автордың еріктілік қызметі мен өзі құрған «Мәміле» тегін ауызекі қазақ тілі клубтарының арқасында қазір Қазақстанның 17 қаласында және Ресейдің екі қаласында қазақ мәдениеті мен тілі өзіндік орынға ие болған. Автордың қытай және моңғол тілдерінде нұсқалар шығару жоспары бар, өйткені бұл елдерде үлкен қазақ диаспоралары тұрады.
Мемлекеттік тілді насихаттаушы бұдан бөлек қазақ әншісі және композитор Димаш Құдайбергеннің қатысуымен тұсірілген «Ана тілі» деректі картинасының авторы және продюсері болды.