Астана Операда «Щелкунчик» балетінің көрсетілімі өтеді
Көрермендердің сұрауы бойынша 21, 22, 23 ақпан «Астана Операда» Юрий Григоровичтің хореографиясындағы П.Чайковскийдің аңызға айналған «Щелкунчик» балетінің көрсетілімі өтеді.
Қазақстанда осынау танымал балеттің көптеген қойылымдары бар, алайда Юрий Григоровичтің нұсқасы мінсіз саналады. Ол нағыз классиканы бағалайтын жандар ұмтылатын асқақ өнер үлгісі болып қала беруде. Әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратованың жетекшілігіндегі «Астана Опера» театрының балет труппасы өзінің кәсібилігімен елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де даңққа ие болуда. Ұжымды осынау туындымен «Dubai Opera» сахнасында өнер көрсетуге бірнеше мәрте шақырғаны, онда спектакльдің көрермендердің шаттыққа толы лебіздерін арқалағаны таңғаларлық жайт емес.
Жаңа жыл мерекесі артта қалса да, қазақстандық көрермендердің бұл балетке деген қызығушылығы өшпейді.Ыстық Әмірліктерден жуырда оралған сценография менкостюмдер қайтадан елордалық театр сахнасының сәнін келтіріп, көрермендерге мерекелік көңіл күйді жалғастыруғамүмкіндік сыйлайды.
Біртуар театр суретшісі Симон Вирсаладзе жасаған костюмдер мен декорациялар қойылымға шын ғажайыптыңатмосферасын үстейді. Жарқын түстер, қызықты детальдар мен символизм спектакльді нағыз қысқы ертегіге айналдырады.
Көрермендер «Астана Опера» солистерінің шеберлігімен рақаттана алады. Түрлі күндері сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан мен Еркін Рахматуллаев шығады. Жас әртістер – халықаралық байқаулардың лауреаттары Шұғыла Әдепхан, София Әділханова, Диас Құрманғазы, сондай-ақ кордебалет әртістері де өз дарындарын паш етеді.
– Бұл қойылым классикалық балеттің үздік дәстүрлері бойынша жасалған, оны дүние жүзі көрермендерінің жақсы көретіні сондықтан болар. Жуырда Дубайда өткен гастроль бізге тәжірибе, жағымды эмоциялар сыйлады. Осынау хикаяға басқа елдегі көрермендердің қалай елеңдейтінін, тамсанатынын бақылау қызықты болды. Алайда үйге оралып, оны қазақстандық көпшіліктің алдында орындауәрдайым ерекше тебіреністі оятады. Біздің аудиторияның жүрекпен сезетіні, белгілі бір көрініске риза болған кезде қол шапалақтай бастауы бізге спектакль бойы күш-жігер береді, - деді София Әділханова.