qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Елорда төрінде белгілі этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» көрмесі ашылды
Астанада «Қара шаңырақ» ҚБ ұйымдастыруымен, ҚР Ұлттық музейінің қолдауымен ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, белгілі этнодизайнер Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Рухани іс-шараның тізгінін кино және театр актері, белгілі радиожүргізуші Толқын Сұлтан жүргізді. Ұлт рухын асқақтатқан тағылымды іс-шарада Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев, Нұргүл Тау, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Ақмарал Ғосманқызы, Қырғызстаннан арнайы келген белгілі этнодизайнер Асел Калканова, отандық танымал зергер, реставратор Берік Әлібай, “Қара шаңырақ” ҚБ директоры Тұрар Сәттарқызы құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыластарын жеткізді.

 


 

 Бүгін біз ұлы дәстүрімізді жаңғыртып, халқымыздың рухани және мәдени мұрасының тереңдігін паш ететін ерекше мәдени іс-шараның куәсі болып отырмыз. «Шебердің қолы ортақ» дегендей, бүгінгі көрме ұлттық киім-кешегіміздің бірі және бірегейі болған кимешекке арналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеп, тынбай еңбек етіп жатқан ұйым­дар, бірлестіктер де аз емес. Солардың бірі – «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі жыл сайын қала әкімдігімен бірлесе отырып дәстүрді дәріптейтін ауқымды іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл – біздің руханиятымызға және мемлекеттік тіл мен дәстүрге деген қамқорлығымыздың бір көрінісі. Қазір қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан киім-кешек мәдениетін кері сырып, өз мәдениетінен жеріп, өзгенің киім-кешегін киіп, соны дәріптеп жүргендер де жоқ емес. Ұлттық мұрамызды жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын жалғаған бүгінгі көрмеге сәттілік тілеймін, – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

 

 

Көрме аясында шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы киімдерден сән үлгісі көрсетіліп, кимешек кию мен шылауыш ораудан шеберлік сабағы өткізілді. Тілек Сұлтан әр аймақтың әйелдерінің кимешектеріндегі ерекшеліктерді көрсетіп, ұлттық киімдердегі ою-өрнектер мен олардың жас ерекшелігіне қарай қалай киілуі керектігі туралы құнды мағлұматтар берді. Көрме келушілер үшін 5 қаңтарға дейін ашық болады.

 


 


 

07 декабря, 2024
82
Осы туындымен бөлісіңіз: