2024 жылдың басынан бері елдегі мәдениет нысандарына барғандардың саны миллионнан асты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 275 музей табысты жұмыс істеуде. Оның ішінде 16 - Республикалық, 15 - музей-қорық, 244 – аймақтық музей. Музейге келушілер саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бері мәдениет нысандарына миллионнан астам адам барды.
Жақында ел Президенті еліміздің үш негізгі мұражайына «Ұлттық» мәртебе берілетінін мәлімдеді. Солардың бірі - еліміздің музей ісінің қалыптасуының бастауында тұрған Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік мұражайы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы. Ол Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі мұражайлардың бірі болып саналады. Биыл нысанға 104 жыл болады, ал 95 жыл бұрын мұражай Алматыға көшірілді.
Мұражайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ең көне мұражайының алғашқы қор және экспозициялық коллекцияларын құру мен қалыптастыруға XIX ғасырдың 30-жылдарында «Орынбор өлкесінің музеумі» Неплюев әскери училищесінің жанынан құрылған Орынбор музейінің коллекциясы негіз болды. Алматыға көшкеннен кейін Орталық музейге Жетісу мұражайы, сондай-ақ Дін және атеизм мұражайы қосылып, музей қорын едәуір толықтырды. Мұражайдың жұмысы жалпыхалықтық танылуы үшін 1944 жылы ол ҚазКСР орталық мемлекеттік мұражайы деп аталды.
Мұражайда әр жылдары белгілі тарихи тұлғалар – тарихшылар, этнографтар, суретшілер, музейтанушылар, жазушылар, тілтанушы-лингвистер, ағартушылар, қоғам және саяси қайраткерлер, соның ішінде Ахмет Байтұрсынов, Әбілхан Қастеев, Әлкей Марғұлан, Александр Бернштам, Владимир Даль, Юрий Домбровский, Николай Хлудов жәнебасқалары жұмыс істеді.
Алматыдағы ҚР орталық мемлекеттік музейі
Қазір музей түрлі бағытта: мәдени-ағарту, экспозициялық-көрме, сақтау, ғылыми-зерттеу, қалпына келтіру, коллекционерлік, есепке алу, редакциялық-баспа қызметтерін жүзеге асырады және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.
Тас ғасыры (ҚР Орталық мемлекеттік музейінің экспозициясынан)
ҚР Орталық мемлекеттік музейінің қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени игілік тізіліміне енген.
Н. Хлудов «Дауылдағы көшу» (ҚР Орталық мемлекеттік музей қорынан)
Музей адамзат тарихы мен мәдени мұраны сақтаушы болып қала беретінін атап өткіміз келеді, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық және білім беру-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Түкті кілем. ХХ ғасырдың басы (ҚР Орталық мемлекеттік музей қорынан)
Қазақстандағы музейлер қорында 4 000 000-нан астам музей заттары бар, олардың 360 мыңы Ұлттық мәдени игілік объектілері.