Ресейлік актер Қазақстанның ауқымды киножобасына қатысады
Танымал ресейлік әртіс Никита Кологривый өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық қайырымдылық қорына қолдау білдіріп, бейнежолдау жариялады.
Жазбасын «Құрметті достар!» деп бастаған Никита балаларға көмек қолын созғандарға әсіресе «ауыр дертке шалдыққан балаларға» қолдау білдірген барлық адамдарға ризашылығын білдірді. Бұл ретте ол ауыр науқастан емеделіп жатқандардың арманын орындайтын қазақстандық «Menin Armanym» корпоративтік қоры туралы әңгіме қозғады. Ол жобаға қатысушыларды өзіне дос санап, Қор жұмысына қатысатын танымал қазақстандық әріптестері: стендапер Нағима Настевич, Вайнер Арман Юсупов пен Жансерік Қадырбаев, «Ирина Қайратовна» әншісі Алдияр Жапарханов, танымал тик-ток әртістер Алина Ким мен Нұрдәулет Бектұрсын, танымал блогер және бизнесмен Жека Fatbelly есімдерін атап өтті.
Сонымен қатар актер жақын арада Қазақстанға ауқымды киножобаға қатысу үшін келетінін, бірақ ол туралы әлі толық айта алмайтынын жеткізді. Ол біздің елге келуге қуанышты екенін және араласуға ашық екенін де сөз қылды.
Естеріңізге сала кетейік, актер бұған дейін де қайырымдылық бастамаларға бірнеше рет қатысқан. Қайырымдылық аукциондарының бірінде актер өзімен бір сағаттық кездесуді ұсынып, лот 60 мың долларға сатылды.