qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Президентке 8 тілде ақпарат тарататын бірегей Qazaq Culture платформасы ұсынылды
Мемлекет басшысына 2024 жылға арналған негізгі мәдени жетістіктер туралы баяндалды

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Мемлекет басшысына жылдағы негізгі мәдени жетістіктер, министрліктің 2024 жылы атқарған шаралары, сондай-ақ ведомствоның алдағы жылға арналған жоспарлары туралы баяндалды.

Аида Балаева отандық өнер алғаш рет әлемге әйгілі өнер алаңдарында: Венеция биенналесінде, Гимет Азия өнері мұражайында ұсынылғанын айтты. Қазақстанның баспа өнімдері әлемдегі ең ірі Франкфурт кітап көрмесінде көрсетілді.

«Еліміздің тарихын, мәдениетін және дәстүрін ілгерілету тұрғысынан маңызды жоба сегіз тілде Qazaq culture ақпараттық-білім беру платформасын іске қосу болды. Сондай-ақ Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты да ерекше мәдени оқиға болды. Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің заң шығармашылығы саласындағы жұмысы туралы баяндады. 2024 жылы Қазақстанда журналистердің мәртебесін арттыруға бағытталған БАҚ туралы жаңа заң қабылданды. Парламент «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастыруда», - делінген Ақорданың хабарламасында.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысына волонтерлік қозғалысты дамытуға қолдау көрсету туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін артқан. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберіледі.

Ағымдағы жылы Шығармашылық индустриялар қорын құруды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерін кеңейтуді қамтитын креативті өндірістерді қолдау бойынша кешенді шаралар әзірленді. Шығармашылық индустрия субъектілері үшін арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елімізде 10 шығармашылық орталықтар мен хабтар ашылды.

Мемлекет басшысы алдағы жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Съезді өткізу сияқты мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға дайындық барысын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының.

29 ноября, 2024
61
Осы туындымен бөлісіңіз: