qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Елордада Nomad Inspiration премьерасы өтті
25 қаңтарда «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында Nomad Inspiration бағдарламасының премьерасы өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жарқын оқиға дарынды балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиялық жұмыстары мен HasSak этно-фольклорлық ансамблінің бірегей аспаптық музыкасын біріктірген нағыз шығармашылық тәжірибеге айналды. 

 

Бағдарлама мынадай нөмірлердің премьераларын қамтыды: HasSak ансамблінің жігерлі музыкасына шығарылған «Той бастар» және «Аралым», сондай-ақ композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасына «Әлем» нөмірі. 

 

Көрермендер бірегей қойылымдардан ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар HasSak ансамблі мультиаспапшыларының өнер көрсетуін тыңдауға мүмкіндік алды. Музыканттар туындыларды жеке жәнемаэстро Руслан Баймурзиннің жетекшілігіндегі  «Астана Опера» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуіменорындады. Бағдарламаға «ХасСақнама», «Ұлы Жібек жолы», «Зәурен», «Аңсау», «Өрлеу», «Тұран жолбарысы» және «Тарту» секілді нөмірлер енді.

 

Мұндай маңызды бағдарламаны жүзеге асыру «Астана Опера» қабырғасында жас хореографтарды белсенді қолдап және дамытып жүрген балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың арқасында мүмкін болғанын атап өтуіміз керек. 

 

«Аралым», «Әлем» және «Тойбастар» хореографиялық нөмірлері көрермендердің шынайы ықыласына ие болып, өзінің көркемдік мәнерлілігімен және бірегейлігімен тәнті етті. 

 

Кешті «Той бастар» нөмірі ашып, көрермендерді қазақтың қонақжайлылығы мен мерекелік шаттық атмосферасына жетеледі. Жарқын қойылым жас бишілердің 20 жұбын біріктіріп, олардың күрделі де көз тартарлық қимылдары заманауи көрнекі шешімдермен айшықталды.  Дәстүрлі сарындар костюмдер бойынша дизайнер Дариға Тайшықованың костюмдерімен үйлесімді жарасып, нөмірге айрықша бояу үстеді. 

 

«Аралым»   нөмірінде хореограф ерлер бейнесін жермен, ал әйелдердің бейнесін сумен байланыстырып, осылайша қоршаған орта мен адами қарым-қатынастарға ұқыпты қарау керектігін атап көрсетті. «Әлем» туындысындаСұлтанбек Ғұмар әйелдің отбасының қорғаушысы әрі тұтас қоғамның ұйытқысы ретіндегі бейнесін жүзеге асырды. Томирис және Домалақ ана сынды аңызға айналған тұлғалардан шабыт алған қойылым қазақ әйелдерінің даналығын, батылдығы мен нәзіктігін айшықтады. Әртістердің кербез қимылдары осынау көпқырлылықты жеткізіп, биге символдық мән қосты. 

 

Сонымен қатар бағдарламада Сұлтанбек Ғұмардың көрермендер бұрыннан ұнататын, атап айтсақ, TURANансамблінің өңдеуіндегі А.Райымқұлованың музыкасына драмалық  «Мәңгүрт» және HasSak ансамблінің «Аманат»композициясына жасаған айбарлы «RUH»   қойылымдары ұсынылды. 

 

Бағдарламаның әр нөміріне көрермендер ду қол шапалақ соқты, премьераның зор жетістікпен өткенін осыдан-ақбайқауға болады

 

27 января, 2025
23
Осы туындымен бөлісіңіз: