qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Ұлттық музейде Рафаэль Слекеновтың «Тәңір нұры» жеке көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Рафаэль Слекеновтың «Тәңір нұры» жеке көрмесі ашылды. Салтанатты ашылу «Музейдегі түн» ауқымды акциясы аясында өтті. Суретшінің өнері тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Шебер еліміздің атынан бірнеше рет халықаралық аренада өнер көрсетіп, еліміздің имиджін арттыруға зор үлес қосты.

«Менің туындыларым бұған дейін он жыл бұрын Астанада «Хас Санат» галереясында ұйымдастырылған. Сол соңғы 10 жылда мен туған жерімде өтетін көрмелерге қатысқан жоқпын. Көрме Лондон, Варшава, Мәскеу және Римда өтті. Соңғы жылдары жасалған туындыламен бөлісетін сәт келді деп ойладым. Бұл менің тәңіршілдікке - адамның табиғатпен үйлесімдік культіне, қазақтардың мәдени кодына арналған шығармаларым. Біз тамырымызды ұмытпау керекпіз. Егер бұрын барлығы ғасырмен өлшенсе, қазір даму үшін он жылдың өзі жеткіліқті. Сондықтан осындай қарқын барда біз кодымызды жоғалтпау керекпіз. Біздің ата-бабамыз ең ақылды адамдар. Олардың дүниетанымы, дәстүрі, әдет - ғұрыптары өте ежелгі бірегей мәдениет. Олар табиғатпен үйлесімді өмір сүрді, бұл өте маңызды», - деп атап өтті Рафаэль Слекенов.

Автор көрмеде соңғы бес жылдағы жұмыстарын ұсынды. Рафаэль Слекенов – ҚазақстанСуретшілер Одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Польша Мәдениет министрлігінің стипендиаты, Қазақстан Өнер академиясының корреспондент-мүшесі. Көрме идеясы - көрермендерге тазалық сұлулығын және адам жанының қарапайымдылығықаншалықты маңызды екенін және еске салу. Автор пікірінше, адам өзінің өмір салтын өзгерте отырып, қоршаған әлемнің сұлулығын көре алады.

«Әлемнің өзгергені соншалық, қазір адам кәдеге жаратушы, жинақтаушыға айналды. Бірақ біз жақсылыққа сенеміз. Мен өз өнерімді жағымды эмоциялар тудырып, жарқын болашаққа шақыруға тырыстым. Мен әрқашан, менің бүкіл болмысым тәңіршілдік болды деп айта аламын. Біз бала кезімде ауылда, табиғат аясында, түрлі-түсті теледидарсыз өмір сүрдім. Мен өткен ғасырдың адамымын. Мен дәуірдің қалай өзгергенін, адамдардың цифрландыру дәуіріне қалай ауысқанын көрдім. Сондықтан бұл тақырып мені қатты толғандырады», - деді Рафаэль Слекенов.

Көрме келушілерге автордың сиқырлы әлеміне енуге мүмкіндік береді. Шебердің еңбектерінде шынайы балалық сезіледі, түрлі-түсті құбылыс арқылы өмірге көзқарас, «Тәңір нұрын» көрген және ашқан әрбір адамға үміт ұялататын жарқын түстер сезіледі.


Көрме Астанадағы Ұлттық музейдің 5-қабатындағы уақытша көрмелер залында ұсынылған және ол 2024 жылғы 18 маусымға дейін жалғасады.

19 мая, 2024
244
Осы туындымен бөлісіңіз: