«Мәдениет пен өнер ел өміріндегі маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – оның рухани келбеті. Олар бірге өркениетіміздің өзегін құрайды. Біздің ортақ міндетіміз – оларды сақтау және көбейту». Бұл туралы Қазақстан Президенті Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау сөзінде айтты.
Соңғы жылдары ҚР мәдени өмірі нағыз ренессансты бастан кешуде. Осы жаңғырудың бастыорталықтарының бірі болып көрермендерді ерекше қойылымдармен қуантқан «АстанаОпера» танылды. Эксклюзивті сұхбатта театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңіргенқайраткері Ғалым Ахмедьяров мәдениет саласындағы соңғы жетістіктер, мемлекеттің өнердіқолдаудағы рөлі, жаңа кадрлар даярлау және Қазақстан мәдениетін шетелде таныту туралыайтып берді.
- Ғалым Алғиұлы, соңғы уақытта Қазақстанда мәдениет пен өнер дамуында айтарлықтай өгеріс болды ма, қалай ойлайсыз?
Соңғы жылдары Қазақстандағы мәдениет және өнер саласы ұлттық бірегейлікті жаңғырту мен нығайтуға бағытталған елеулі өзгерістерді еңсерді. Қазақстан Президенті саланы дамытуға үлкен көңіл бөледі, бұл әртүрлі мемлекеттік бастамаларда көрініс табқан. Біздің «Астана Опера» театрын мысалға алсақ, біздің репертуарымыз жыл сайын ұлттық қойылымдармен толыққанын байқауға болады. Спектакльдерді атақты режиссерлер, дирижерлер, хореографтар мен сценографтар қояды. Ең ауқымды жобалар туралы айтатын болсақ, біздің театрдың шежіресінде үлкен гастрольдер бар – бес елде әлемдік тур өткіздік: АҚШ (Нью-Йорк), Канада (Торонто), Франция (Париж), Бельгия (Антверпен) және Нидерланды (Роттердам). Осы қалалардың барлығында біздің әртістеріміздің қойылымдары үлкен табысқа кенелді.
Балет ұжымы Италияда, Испанияда, Қытайда, Ресейде және басқа да көптеген елдерде бірнеше рет гастрольдік сапармен болды. Қысқа мерзім ішінде «Астана Опера» театры Қазақстанның бетке ұстар мәдени брендіне айналды және лайықты халықаралық беделге ие болды. Біз осы жоғары шығармашылық табысты абыроймен жалғастыруға ниеттіміз. Әртістер әр жаңа маусымда театр болашақ ұрпаққа баға жетпес мұра қалдыру үшін барын салады.
Жалпы, жыл сайын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі басшылығымен ведомстволық бағынысты мекемелерде жүздеген мың түрлі мәдени іс-шара ұйымдастырылады, бұл, әрине, осы саланың даму қарқыны жақсы екенін айқындайды. Ал биыл ең ауқымды және көпшілік асыға күткен оқиға – қыркүйекте елордада өтетін көшпенділер ойыны.
- Мемлекет тарапынан мәдениет саласына қандай көңіл бөлінеді?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуы үшін мәдениет пен өнердің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Оның барлық тапсырмалары мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға бағытталған. Сондықтан бүгінде ұлттық дәстүрлерді және, әрине, Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін қолдайтын және дамытатын жобалар іске асырылуда. Мемлекет басшысы өзінің сұхбаттарының бірінде: «Жаңғырту жаңа құндылықтар үшін өткенінен бас тартуды білдірмейді. Шындығында, бұл ұлттық мұраны адамзаттың ең жақсы заманауи жетістіктерімен сақтау және байыту. Бұл жеде біз Абай идеясынан айналып өте алмаймыз. Шынында да, бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлы ойшыл ұлтты «модернизацияға, жаңаруға шақырды, бізге уақыт талаптарына бейімделу қажет» деген болатын.
Мәдениет қызметкерлеріне келсек, олар, әрине, бюджеттік салаға арналған белгілі бір субсидиялар арқылы мемлекеттің қолдауын сезінеді.
- Ал Қазақстанда мәдениетті дамыту үшін кадр даярлау жағдайы қалай? Кәсіби байқаулар жеткілікті ме?
Қазақстанда бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. Елімізде мамандандырылған жоғары оқу орындары жұмыс істейді: Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Сондай-ақ, жас таланттар кәсіптік білім алатын көптеген колледждер мен өнер мектептері бар. «Астана Опера» базасында халықаралық опера академиясы жұмыс істейтінін де атап өту маңызды. Оның қызметі қысқа мерзімде біздің елден тыс жерлерде белгілі болды. Біздің академияның тыңдаушылары республикалық және халықаралық вокалдық байқауларға белсенді қатысады және осы беделді жарыстардың тұрақты жеңімпаздары.
Қазіргі әлемде жағдай да, мақсат та басқаша екенін түсіну керек – халықаралық деңгейге жету және және сол деңгейден төмендемеу. Бүгінгі таңда театр мен мәдениет мекемелерінде жас әртістер мен музыканттардың, кешегі түлектердің шеберлігіне қойылатын талаптың артуы осыған түрткі болды. Біз бәріміз бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Ой қарапайым, бірақ оны сана деңгейінде игеру өте қиын, өйткені бұл еңбекті, қайсарлықты, тұрақты еңбекті білдіреді: тек алға және биікке ұмтылу. Рерихті еске түсірейік, ол былай деп жазады: «Адам туғаннан тауға шығады. Ол неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым айналасына кеңінен көз тастайды. Және ол мүмкіндік шексіз. Кез келген нүкте ол тек баста ғана».
Байқауларға келетін болсақ, бұл жас таланттарға өзін танытуға мүмкіндік беретін маңызды аспект. Қазақстанда осындай көптеген іс-шаралар өтеді. Бірақ мен 31 мамырда «Астана Опера» сахнасында басталатын «Опералия» халықаралық музыкалық фестиваліне баса назар аударғым келеді. Келіңіздер, өзіңізге ұнайтын іс-шараны таңдаңыз, олардың әрқайсысына шақырылған әртістер опера және балет сахнасының жұлдыздары.
- Мәдениет саласындағы қай бағыт, сіздің ойыңызша, барынша дамыды?
Менің ойымша, мәдениеттің барлық саласы даму жолында. Мен әсіресе кино өнерін атап өтер едім. Отандық фильмдер халықаралық кинофестивальдердің қатысушылары мен жеңімпаздары, бұл мемлекеттің қолдауымен, жаңа талантты режиссерлер мен актерлердің пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар, бізде драмалық өнер үлкен қарқынмен дамуда, қазақстандық театрлардың афишалары жаңа атаулармен белсенді толығуда, премьералар өте жоғары деңгейде өтеді.
Әрине, опера мен балет – музыкалық театрдың күрделі жанры ретінде лайықты түрде ұсынылған. Елімізде «Астана Опера», Абай атындағы ҚазҰОБТ, «Астана Балет», Шымкент қалалық опера және балет театры жұмыс істейді. Және олардың әр қайсысы қазақ өнерінің дамуына өз үлесін қосуда.
- Қазақстан мәдениеті мен өнерін шетелде насихаттау туралы сіздің пікіріңізді естігім келеді.
Қазақстан өз мәдениетін насихаттау үшін белсенді жұмыс істеуде. Қазақстандық әртістер, суретшілер, музыканттар мен жазушылар қатысатын көрмелер, концерттер мен фестивальдар өтеді. Сөзіме қазақстандық суретшілердің жұмыстары ұсынылған Венеция биенналесі дәлел. Қазақстандық мәдениетті насихаттауда дирижер Алан Бөрібаев пен әлемдік балеттің жұлдызы Бақтияр Адамжан сияқты халықаралық аренада танымал тұлғалар маңызды рөл атқарады. Олардың жетістіктері Қазақстанға және оның мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Жалпы, Қазақстандағы мәдениет пен өнер саласы білім беру жүйесі мен белсенді халықаралық қызметтің арқасында дамып келеді. Біздің жетістіктерімізді сақтау және арттыру, сондай-ақ елдің әлемдік аренадағы позициясын нығайту үшін осы жұмысты жалғастыру маңызды.