Францияда өтіп жатқан 77 Канн кинофестивалінде режиссер Төлепберген Байсақалов пен сорежиссер Дарья Дуничтің «София» қазақ-түрік фильмінің әлемдік премьерасы өтті.
Фильмнің сюжеті украиналық қыз Софияның оқиғасы төңірегінде өрбиді, ол бай түрік Хюсейнмен оның отбасыл екенінбілмей махаббат қарым-қатынасына түседі. Хусейннің жұбайы күйеуінің опасыздығы туралы білгенде, Софияның тағдыры өзгереді, ал оның жолында Қазақстаннан келген иммигрант Азамат пайда болады. Екі түрлі адам, әр түрлі заман өкілі бөтен жерде кездеседі және бұл жер оларды біріктіреді, олар бір-біріне арналғанын түсінеді.
«София» картинасы - уақытына, жасына, әлеуметтік жағдайына және орнына қарамастан бәрімізді біріктіретін эмоциялар мен қарым-қатынастарды көрсету үшін жанның тереңіне үңілу әрекеті.
Басты рөлдерді Түркиядан келген актриса Яна Рай және қоюшы режиссер Төлепберген Байсақалов сомдады. Күзде фильм Қазақстанда кең прокатқа шығады деп жоспарлануда.
Негізгі түсірілім Стамбул қаласындағы Қара теңіз жағасында өтті, фильмнің аз бөлігі қазақ ауылында түсірілді.
«Бұл біздің фильмге ерекше көңіл-күй сыйлады. Басқа елдегі жұмыс екі команданың - түрік және қазақстандық командалардың іс-әрекеттерін келісу қажеттілігімен күрделене түсті. Бұл тілдік кедергі және жұмысқа әртүрлі көзқарас. Түсірілім бір айға созылды, ал постөндіріске 3 ай қажет болды», — деді сорежиссер Дарья Дунич.
Фильм көрермендер мен кинорежиссерлердің қызығушылығын тудырды. Картина продюсеріне басқа елдердің өндірістерінен бірлескен жұмыс туралы ұсыныстар келіп түсті.
Қосымша:
Төлепберген Байсақалов - талантты актер, режиссер, көрермендерді кинофильмдер мен сериалдардағы көптеген рөлдерімен қуантады. Режиссер ретінде дебют жасап, «Түйме» қысқаметражды фильмін түсірді.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайловка ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірген. (Р. А. Машурованың шеберлік сабағы, 2000); ВГИК (В. Хотиненко шеберлік сабағы, 2010).
«Лайланың дұғасы» фильмінде дебют жасады (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» номинациясында Гран-при алған «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival-да «От» фильміндегі рөлі үшін «Үздік актер» сыйлығын алған.