Қазақстандық еріктілер еліміздің тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін бірігеді.
Семей қаласында биылғы 19-20 сәуір аралығында Бірыңғай грант операторының қолдауымен «Даналық» қоғамдық қор ұйымдастырған «Мәдениет мұра – халық қазынасы» ауқымды республикалық форум өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумда еріктілер елдегі мәдениет ескерткіштердің қазіргі жай-күйін талқылайды, оларды қалпына келтіру тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ республикадағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жолдарын табады.
«Мәдени мұра – халық қазынасы» республикалық форумның негізгі міндеті – тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау. «Birgemiz: Asyl мига» тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жалпыұлттық жоба тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі жұмысқа 2000-нан астам еріктілерді тартуды қамтиды.
Форум мақсаты – деректі сериалдар мен энциклопедияларды әзірлеу арқылы халық арасында тарихи-мәдени мұра объектілер танылуын арттыру. Мұндай бастамалар мен іс-шаралар елдің мәдени мұрасын сақтауға байыпты көзқарасты және азаматтардың осы процеске белсенді қатысуын айғақтайды.