- Дарья, бұл сіздің Қазақстандағы екінші көрмеңіз емес пе?
- Иә, дәл солай. Бірінші көрмені елордадағы арт-кафеде өтті. Ал мына көрме екінші. Бұл жолы мен шерімді тарқатып, ойыммен бөлісе алдым. Себебі галерея ауқымы қаншалықты кең болса, суретшіге берілген еркіндік те арта береді.
- Өзіңіз туралы ақпаратпен бөліссеңіз. Қазақстанға көшкенге дейін қайда тұрдыңыз?
- Мен көшпендімін. Мен Орал жеріндегі Пермьде дүниеге келдім, сол жерде жетіліп, білім алдым. Оқуымды Францияда жалғастырдым, содан кейін 10 жыл Сен-Дени қаласындағы муниципалды өнер тарихы мұражайында жұмыс істедім. Біршама уақыт Украинада өмір сүрдім, осында жүріп баспа графикасының таңғажайып әлеміне үңілдім және шығармашылығымды графикалық суретші бағытына аудардым. Ал алғашқы көрменіРумынияда ұйымдастырдық.
- Сіз баспа графикасына қалай келдіңіз? Қалай бастадыңыз?
- Киевте жүргенде өзімнің шығармашылық жағынан даму жолдарын қарастырдым. Көп суретшілер сияқты, өзімді сурет өнерінде, майлы бояумен салу әдістерінде сынап көрдім. Тіпті қыш жасау өнерінде өзімді байқағым келді. Бірақ іштей графика мен сызба жаныма жақын екенін сезіп жүрдім. Өнер жолында Киевте болғаныма қуаныштымын, ол елде мықты суретшілерден құралған қызықты шығармашылық орта бар. Заманауи графикалық суретші ретінде танымал Анна Ходкова мен Кристина Ярошпен таныстым. Олар маған әртүрлі әдістерді көрсетті.
- Жұмыстарыңыз қалай жасалады?
- Мен бедер салу станогында жұмыс істеймін. Бұл үлкен машина. Оны мен «Менің кемем»деп атаймын, өйткені онда айналдыруды қажет ететін штурвалға ұқсас дөңгелек бар. Бір туынды үшін оны бірден беске дейін айналдыру керек. Мен әртүрлі әдістермен жұмыс істеймін. Ұсынылған көрмеде станоксыз қолмен басылған жұмыстар да бар. Мысалы, линогравюралар. Пластиналарға сызылған кез келген өрнекті шығаратын құрғақ инені басып шығару үшін бедер салатын станок қажет. Шығармашылықта металл, пластик, картон қолданамын. Қазір баспа графикасы әлемінде дәстүрлі өнерден қазіргі заманға дейін көптеген материалдар мен әртүрлі әдістер бар.
- Таңдау Қазақстан болуының сыры неде? Сіз 2020 жылы көшіп келдіңіз емес пе?
- Иә, бұл 2020-2021 жылдар болатын. Бұл жеке басымның шешімі, біз жұмыс шаруаларымен келдік. Мені осында әкелген отбасым деп айтуға болады. Бірақ керемет жағдайлар кездейсоқ болмайды ғой.
- Жаңа шығармашылық шабытты қазақ даласынан алдыңыз ба?
- Шын мәнінде, мен қазақ даласы туралы ақпаратым аз болды, Орталық Азия мен Қазақстанды білмедім. Бұл жерде маған бәрі жаңалық болатын. Мен қайда тұрсам да, әрқашан бәріне ашық және ілтипатпен қарайтынмын. Қазақстанда бәрі оңай болды, өйткені, біріншіден, мұнда сұлу адамдар тұрады. Қазақстандықтарды өте қатты жақсы көресін, олар тік мінезді, жылы жүзді, ашық, адал және мейірімді. Сонымен қатар, Астанада, елдің жас астанасында жаңашылдыққа, жаңа жобаларға бет бұруға ниет бар. Екіншіден, әрине, мен әлемнің басқа бұрыштарында таба алмайтын керемет табиғатты таптым.
Дала таң қалдырады, мүлдем өзгеше қыбылыс: бірде шөптесін дерлер, бірде көкнәр, бірде қар, бірде шөл, бірде жайқалған қызғалдақтар. Әр қайсысының өз әдемілігі бар. Еркіндікті сезесің. Біз Қарқаралы қаласына (Қарағанды облысы) табан тіредік, Көлсай көлдеріне бардық. Балқаш көлі арқылы Алматы қаласына бірнеше рет жол жүрдік. Жер бетінде адам қолы тимеген табиғатты кездестіру сиреп барады. Дегенмен, тек әдемі сурет үшін басып шығаратын пейзаж мен іздеген дүние емес. Маған ел тарихын өзім арқылы өткізу маңызды. Оны зерттеу барысында түрлі тарих беттеріндегі оқиғаларға қанығасың. Мен өткеннің жараларын, кеңес дәуірінің қылмыстары бүгінге әсерін көріп отырмын. Қазақстандықтардың өз ана тілінде мақтанышпен сөйлейтіні және өз мәдениетіне шын жүректен қызығушылық танытатыны мені қуантады.
- Ал сіз қазақстандық мәдениетті, тарихты қалай зерттедіңіз? Сізді қандай кітаптар қызықтырды?
- Мен қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовты қатты жақсы көремін. Оның шығармаларымен мен бұрыннан таныспын. Бірақ оның Қазақстан туралы романдарын осы жерге келіп оқыдым. Мысалы «Ғасырдан да ұзақ күн» Шынымен де оқуға тұрарлық керемет кітап. Менің ойымша, бұл Айтматов шығармашылығының шыңы. Жазушы ретінде ол керемет күшке қол жеткізген,бірнеше оқиға желісін баяндаудың ұтымды әдістерін қолданған. Олардың барлығы бүгінгі күнге дейін өзекті. Ол тек мәңгүрттердің бейнесі ғана емес. Мәңгүрт - есте сақтау мәселесін көтерген маңызды эпизод. Кітапта еркек пен әйелдің, әке мен баланың арасындағы махаббат бар, соғыс пен зорлық-зомбылық арқылы бір-бірін өлтіруді жалғастыратын ақымақ адамзат туралы ой бейнеленген. Бұл сізді қатты ренжітеді.
Біраз уақыттан кейін жазушы Таласбек Әсемқұловтың шығармасы қолыма тиді. Оның романында мен дала өмірімен байланысты қазақтардың ерекше ойлау тәсілін түсіндім. Ойсұлулығын жұлдыздарға ризашылық білдірген кезде, туған далаға махаббат арқылы сезіндім. Мені көршіге немесе балаға болсын, бәріне деген мейіріммен, құрметпен қарау мәдениеті қатты әсер етті. Күнделікті өмірге қажет даналықты сезіндім. Әрине, онда ауыр оқиғалар да бейнеленген. Өткен ғасырда қуғын-сүргін салдарынан күйшілер мен музыканттардың бүкіл ұрпағы қалай жоғалғаны айтылады. Музыкалық мұраны жоғалтып алмау үшін артыңнан шәкірт қалдыру маңызды болды. Сондықтан атақты күйші Таласбек Әсемқұловтың атасы немересін дәстүрлі музыканы жоғалтып алмау тұрғысынан тәрбиеледі.
- Сіздің шығармашылығыңызда ХХ ғасырдағы қуғын-сүргін тақырыбы айқын көрінеді. Әлеуметтік желілерде сіз «Қамыс дерті» деп аталған туындыңызды бөлек атап өткенсіз. Бұл туынды сізге несімен қымбат?
- Бұл шығармашылық ізденістен туған шығарма. Мен қамысты сынық сызықтармен бейнеледім. Адам тағдырының бейнесі ретінде қарадым. Олар сынған, жалғыз, бір-біріне арқа сүйеген..
Өздеріңіз білетіндей сол кездегі алмағайып уақытта лагерь барақтарын кепкен қамыспен жылытатын. Өмірінде ешқашан физикалық еңбекпен айналыспаған әйелдердер, ал олар бұрынға мұғалімдер, музыканттар еді, өздеріне барақ тұрғызу үшін қамыс қосып саз иледі. Естуімше бұл өте ауыр жұмыс, өйткені қамысты жинау нормасы өте үлкен болған екен. Сазды илеу өте қиын, көп күшті қажет ететінін түсінесіз ғой. Ал жұмысқа жіберілгендер азып-тозып, аяғы өлімге душар болған. Көрмеде саман кірпіштердің болуы мен үшін өте маңызды. Қазір көбісі саманның не екенін білмейді. Біз қазіргі заманауи үйлерде тұрамыз. Бұл кірпіштер оңтүстіктегі Шу қаласынан әкелінген.
20 ғасырдағы қуғын-сүргін мен трагедия менің отбасымды да айналып өтпеді. Менің үлкен атам 1938 жылы 37 жасында ату жазасына кесілді. Үлкен әжем Ақмола лагерінде (АЛЖИР - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері. Қазақстан астанасынан 40 шақырым жерде орналасқан) болуы керек болатын, ол халық жауының әйелі саналды. Оның үш жасар баласы, менің кіші әжемді балалар үйіне тапсыру керек еді. Бірақ менің отбасымды қашу керек деп ескертіп, олар аман қалды. Бірнеше жол арқылы өтіп, Орал жерлеріне жеткен.
Менің кейбір жұмыстарым ұжымдастыру жылдары туралы айтады. Сол кезде мен қазақтардың өздерін, туыстары мен малын құтқару үшін туған жерін тастап жан-жақа қоныс аударуға мәжбүр болғанын оқыдым. Сол қиын кезеңде олар Қытайға, Ауғанстан мен Ресейдің солтүстігіне кеткен. Ия, бір қарағанда бұл сурет мейірімге толы, малшы атаның бейнесу туралыкөрінеді.
Менің суреттерімдегі түйелер де далаға сілтеме жасайды. Бұл да Айтматов шығармаларынан алған шабыт, оның да түйелері осындай бейнелі. Ол оларды өте қызықты сипаттайды. Түйелерарқылы ол адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас тақырыбын ашады. Және адамныңодан үйренері көп дейді.
Қазір мен галереяда студенттерге экскурсия өткіземін, оларға өз шығармашылығым туралы айтып беремін. Жоспарда үлкен шеберлік сыныбын ұйымдастыру бар, онда мен материалдар, техника және сүйікті станогым туралы толығырақ айтып беремін.
Дарья Швалеваның шығармашылығымен Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі, 10/1 мекенжайындағы «Sal Seri» галереясында танысуға болады.