qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Қазақстан мен Түркия Ежелгі Тараз тарихи ескерткіштерінің маңыздылығын талқылады
«Ежелі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында халықаралық онлайн-дәріс өтті. Оған түріктің Анкара университетіндегі мәдени мекеме қызметкерлері, профессорлар мен докторанттар қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер Тараздың әлемдік мәдениеттегі рөлін, Ұлы Жібек жолында орналасқан қаланың ежелгі және ортағасырлық археологиясын зерттеу тарихын талқылады.Айша бибі кесенесі XI-XII ғғ.

 Қарахан кесенесі, XI ғасыр.

Сондай-ақ Қарахан және Айша-Бибі кесенесі сияқты республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің тарихы мен аңыздары сөз болды. Бұл екі нысан ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны ретінде Қазақстанның 100 киелі жеріне жатады. Айша-Бибі кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіргенжәне туристер мен зерттеушілер арасында өте танымал. Тараздың ежелгі сәулетшілерінің тағы бір маңызды туындысы – Х-XII ғасырларда осы аймақта билік құрған Қараханидтер әулетінен шыққан Қараханның ортағасырлық кесенесі.

15 мая, 2024
145
Осы туындымен бөлісіңіз: