Қазақстан мен Франция кинематография саласындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы (CNC) 2024 жылғы 14-25 мамыр аралығында өтетін Канндағы 77 халықаралық кинофестиваль аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
77-ші Канн кинофестивалінің ресми постері
Бұл маңызды қадам екі ел арасындағы мәдени байланысты кеңейтуге және кинематографиялық индустрияны нығайтуға бағытталған, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Тараптар серіктес аумағында кино өнімдерін тарату мәселелерінде ынтымақтасуға келісті.
«Кино өнімдерін шетелде тарату мәдени әртүрлілікті ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Біз Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығымен ынтымақтастықты бағалаймыз және сараптамалық біліммен алмасуды және киноөнімдерді ілгерілетуді қолдауды асыға күтеміз», - деп атап өтті Қазақстандағы ұлттық киноны қолдау орталығының төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы Францияда қазақстандық фильмдерді танымал етуге және француз фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға жәрдемдесуге дайын.
Францияның Ұлттық кинематография орталығы (Centre National de la Cinematographie - CNC) – мәдениет және коммуникация министрлігіне бағынатын қоғамдық мекеме. CNC мына қызметтерді орындайды: заңнамалық және реттеуші мәтіндер әзірлейді; бейнені өндіруге, жалға алуға және сатуға инвестиция салуға рұқсат береді; өндіріске немесе таратуға және қайтаруға кепілдік беруге қаржылық көмек көрсететін киноны қолдау қорларын (кинотеатрлардағы төлемдердің 11%) басқарады; кино секторын қолдау; мұрағатты басқару; зерттеулер мен статистика.