qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Танымал мәдениет майталмандары «Қазақстанның ізгі ниет елшісі» атанды
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин бірнеше танымал қазақстандыққа «Ізгі ниет елшісі» куәлігін салтанатты түрде табыстады.

Бұл жолғы тізімге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннен бөлек Қазақстан және Италия театрларының опера әншісі және солисі Мария Мудряк, белгілі тілші, тележүргізуші және продюсер Майя Бекбаева, тарих ғылымдарының кандидаты және археолог Дмитрий Воякин, «Qazaq Geography» басқарма төрағасы, этнограф ғалым Әйгерім Мұсағажинова еніпті.


— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба еліміздің имиджін нығайту және оның жетістіктері мен құндылықтарын шетелде дәріптеу жолындағы тағы бір маңызды қадам болып танылды. Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан жүргізіп отырған БҰҰ Жарғысына сай халықаралық құқық негіздері бойынша жүргізілетін теңгерімді және прагматикалық сыртқы саясатының маңызы артып келеді. Сыртқы алаңда Қазақстан өзін жаһандық және өңірлік істердегі сенімді серіктес және халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы ретінде ұстап келеді. Қазақстанның биыл бір мезгілде алты бірдей халықаралық ұйымға төрағалық етуі осының дәлелі бола алады, — деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.


10 декабря, 2024
109
Осы туындымен бөлісіңіз: