qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Парижден сүйіспеншілікпен. Баян Жанбауова
Париждегі қазақтардың өмірінде болып жатқан барлық маңызды оқиғаларды Баянның «стористерінен» көріп білуге. Ол әлеуметтік желідегі танымал «миллионик» қатарынан емес, ол «handmade women» және басты мақсаты Ұлы даланың дарынды өкілдерін жергілікті қала тұрғындарына таныстыру.

Бисермен кестеленген қазақ тақиясын киген сымбатты денебітім Париждің тар көшелерінде ерекше көзге түседіЖеңіл оюлы камзолда, сыңғырлаған сырға немесе алқасы бар, білегіне талғампаз қазақ білезіктерін таққаннан болар. Бұл, әрине, күнделікті киім емес, бірақ гардеробта ұлттық нақыштағы киімнің бір екі түрі міндетті түрде боладыОл Баян Жанбауова. Бірнеше жылдан бері Францияда тұрады. Бір кездері ол Астанадан Франция астанасына Париж-Дофин беделді университетінде үшінші жоғары білім алу үшін келген еді.

Баян Жанбауова Ақтөбе облысының тумасы шыққан. Ол Қазақстанда мұнай-газ саласындағы ұлттық және шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдарда заңгер болып жұмыс істеді. Парижге келгеннен кейін ол магистр дәрежесінде сақтандыру және қаржы саласында жұмыс істей бастады. Бірақ ол жоғары сән әлемінде қызмет етуді армандайтын.


Бос уақытында жаны қалаған кәсіппен айналысуға бел буған Баян, қазақстандық бес дизайнердің қатысуымен алғашқы сән көрсетілімін ұйымдастырады. Әлемдік сән және сұлулық индустрия үстемдік құрған қалада бұл іс-шара қазақстандықтар үшін маңызды оқиға болды. 2017 жылы өткен сән мерекесі сәтті өтті және француз жұртшылығының үлкен қызығушылығына ие болды.

Осылайша KazFashionParis қауымдастығы дүниеге келеді, оның негізгі мақсаты шетелде қазақ өнерін, сәнін және қолөнерін насихаттау және жұртшылыққа таныстыру. Содан бері бірнеше шоулар, шеберханалар мен фешнтурлар ұйысдастырылды. «Біздің міндетіміз - француздарды қазақтың дәстүрлі киім мәдениетімен таныстыру, жас қазақстандық дизайнерлерге жол ашу және оларды белгілі француз сән үйлерімен байланыстыру», - дейді Баян.


Париж – әлемдегі ең әдемі және талғампаз қаланың бірі. Әрбір тігін ателье иесі таңдаулы туындысын Париждегі дефилеге әкелуді армандайды. Айта кету керек, Қазақстандағы аймақтық сән үйлер тек Парижде ғана емес, Лондон, Милан мен Нью-Йоркте де сән көрсетілімдеріне сәтті қатысып жүр. Қазіргі уақытта Қазақстан сән индустриясы қарқынды дамып келеді, өйткені жаһанданудың жалпы үрдісі көп мүмкіндік ашты. Сән іс-шараларының қарқыны, дизайнерлердің коммуникативтік байланыстары мен танымал бутиктер мен брендтердің табысты коллоборациясы, сән индустриясының Қазақстан экономикасына әсері, осы тартымды сектор арқылы елдің ілгерілеу үлесінің артуы қуантады.

Қазақстандық дизайнер Алтынбек Ермұхановпен

Т

Өздеріңіз білетіндей, сән апталығы әлемдік мәдениет және өнер орталығында жылына 4 рет өтеді. Жыл басында және ортасында өтетін «апталық» жоғары сән рәсімі саналса, көктем мен күзде өтетін «апталық» күнделікті киюге арналған киімдер топтамасын ұсынады.

«Осы уақытқа дейін халықаралық мүмкіндікті пайдаланып Парижде жоғары сән апталығында көшпелі киім мәдениетінің элементтері бар топтаманы 2008 жылы Қазақстанның бір ғана өкілі көрсетті, ол Орал қаласынан келген дизайнер Кенже Девятко еді.

KazFashionParis қауымдастығы қарқынды дамып келеді. Оның құрамына бірнеше қазақстандық дизайнерлер мен сән үйлері кірді, Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі дизайнерлер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. «Біздің шығармашыл адамдар Париждің жүрегін жаулап алуы керемет сезім тудырады», - дейді Баян.

Жоғары сән апталығында. Париж.2024ж.

Жақында Париждегі ресми Жоғары сән апталығында Қазақстанда танымал «Нұр-Шах» сән үйінің көрсетілімі өтті. Бұл көп уақыт пен дайындықты қажет ететін маңызды оқиға. «Бұл біз үшін маңызды қадам, ол біздің ұлттық креативтілігіміздің әлемдік сән аренасында бәсекеге түсе алатынын көрсетеді», - дейді Баян, «және біздің міндетіміз француздарды қазақтың дәстүрлі киім мәдениетімен таныстыру, жас қазақстандық дизайнерлерге жол ашу, бағыттарды көрсету, әйгілі француз сән үйлерімен таныстыру, Париждегі беделді сән апталығына қатысу үшін француз сән ортасы мен сән үй арасында  байланыстырушы буын болу. Бұл ретте Франциядағы Қазақстан елшілігі мен Төтенше және Өкілетті Елші Гүлсары Арыстанқұлова ханымның бірқатар іс-шараларға қолдау көрсетуі өте маңызды. Ризашылығымды білдіремін»

ҚР Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұловамен

Сән индустриядағы жұмыстан бөлек Баян Париждің мәдени өміріне де белсенді қатысады. Ол түрлі қазақ қауымдастықтарының мүшесі. Елшілік жанындағы «Қорқыт-Абай» мәдени орталығында домбыра және қазақ тілін үйретуден сабақ берді. Жыл сайын Еуропада тұратын қазақтармен бірге Наурыз мерекесін ұйымдастыруға ат салысады.

Париждегі қазақ киносының V фестивалінде. 2023ж.

«Біз Қазақстанды әлемге таныта отырып, өзіміздің шығу тегіміз бен мәдениетімізбен мақтанамыз», - дейді Баян. «Шетелде жүргенде әрқайсымыз өз еліміздің елшісі боламыз».


05 апреля, 2024
217
Осы туындымен бөлісіңіз: