Қазақстанға Гастротур
Euronews travel порталы хабарлағандай Қазақстан гастрономиялық туризмнің тартымды орталығына айналу перспективаларын құруда. Елде «көшпелі халықтар асханасы» тақырыбының жандануы ерекше аспаздық дәстүрлерді ұсынып, шетелдік гурмандардың назарын аударды.
Табиғи өнімдердің алуан түрлілігін ұсына алатын Қазақстан мәдени мұраға бай екенін ескерсек, жұртшылықтың назар аударуы кездейсоқ емес. Бұл мозаикада «көшпенділердің жүз жылдық дәстүрі, ислам ықпалы мен кеңес дәуірінің іздері» тоғысқан. (Euronews Travel)
Туристердің назарына Астананың алуан түрлі архитектурасы ғана ілікпеген. Қазақстандағы ұлттық тағамдар әлі де зерттеуді қажет ететін құндылық. Ол қонақжай рух пен халықтың көшпелі дәстүрін бейнелейді. Euronews Travel пікірінше, қазіргі уақытта қазақ аспаз өнері дәстүрлі рецепттерді заманауи инновациялармен үйлестірген жаңғырту кезеңінен өтіп жатыр.
Қазақстандағы гастрономия саласы жаңа ингредиенттер мен аспаздық әдістерді қолдану арқасында классикалық тағамдарға жаңа реңк беріп, ерекше ренессансты бастан кешуде. Бұл процесс шынайылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар тағамдарға жаңа дәм мен талғампаздық береді.
Қазақстандық мейрамханалар алған халықаралық мойындау (Best Discovery 50 беделді рейтингі) елдегі гастрономия туризмі әлеуетін растайды. Алматы және Астана сияқты басты қалалар тағамдары мен мәдени әсерлерге алуан түрлілік беру арқылы әлемдік туристік қоғамдастықта өзіндік орын алуға бет бұрғаны байқалғанын атап өту маңызды. Жақында The New York Times Алматыны алғаш рет 2024 жылы көруге болатын 52 орынның беделді тізіміне енгізді.
Осылайша, Қазақстан өзінің ерекше аспаздық әдет-ғұрыптары мен ас үй дәмінің алуан түрлілігімен гастрономиялық туризмнің жаңа әлемдік орталығына айналуы мүмкін, деп атап өтті Euronews Travel.