qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Ұлттық орталық қоры құнды қолжазбалармен толықтырылды
Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Семейде экспедиция қатысушылары бірнеше тарихи орындарды аралады.

Жергілікті мешітте олар XIX-XX ғасырдағы сирек қолжазбалардың мыңға жуық данасын тапты, олардың 27-сі Ұлттық орталық қорына берілді. Құнды жәдігерлер арасында Абдулла Румидің ежелгі түркі тіліндегі кітабы, қырық хадис, Кеңес Одағының барлық мұсылмандарына арналған мужрах және т. б. бар.

Ғалым-тарихшы Амантай Исаұлының жеке ғылыми кітапханасын аралау барысында делегацияға ғалымның 15 қолжазбасы мен сирек кездесетін жұмыстары табысталды. Оның ішінде 1888 жылы жарық көрген «Ғылым халы» және 1891 жылы жарық көрген «Тәржіма ғин әл ғалам» кітабы, ХХ ғасырдың басындағы Қазан, Орынбор, Уфа қалаларынан шыққан сирек кездесетін кітаптар бар.

«Жергілікті мешіттен табылған сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың бай коллекциясыаймақ тарихының ажырамас бөлігі, ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Оны сақтап қалуөте маңызды», - деді қалпына келтіру және консервациялау бөлімі басшысы Сырым Ботабеков.


Экспедицияның негізгі мақсаты Қазақстан аумағында өзекті қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптардың бірыңғай тізімін қалыптастыру, оларды мемлекеттік тізілімге енгізу. Қолжазбаны мұқият зерттегеннен кейін оларды қалпына келтіру жұмыстары басталады.

15 мая, 2024
258
Осы туындымен бөлісіңіз: