«Дегдар» гуманитарлық қоры жыл сайын Қазақстанда, Өзбекстанда және Қырғызстанда «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалін өткізеді. Шығармашылық жоба көрермендер арасында үлкен танымалдылыққа ие. Оған Жапониядан, Қазақстаннан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген классикалық музыканың жарқын өкілдері қатысады. Жоба мақсаты – жапон авторлары мен азиялық композиторлардың шығармашылығымен таныстыру, музыканттар арасында өзара шығармашылық алмасу және, әрине, елдер арасындағы достық байланысты нығайту.
Биыл «Жапон көктемі» фестивалі аясында «Астана Балет» театрында классикалық музыканың камералық жанрының өкідері - халықаралық жоғары деңгейдегі орындаушылар өнер көрсетеді.
Олар әйгілі жапон музыканттары Котаро Фукума (фортепиано), Тацуки Нарита (скрипка) және Макото Йошида (кларнет). Барлық әртістер беделді халықаралық байқаулардың лауреаты, әлем бойынша концерттері белсенді ұйымдастырылады, әлемдік жетекші оркестрлермен және дирижерлермен өнер көрсетеді. Қазақстанды атақты камералық ұжым – «Forte Trio» ҚР Мемлекеттік триосы таныстырады.
Бағдарлама: («Астана балет» театрындағы өнер көрсету) Астана қ.
13 сәуір (18:00) - Макото Йошида концерті (кларнет) / Жапония
"Forte Trio" / Қазақстан
Бағдарламада - В. Рабл, Л. ван Бетховен, Х. Окумура және т.б. музыкасы.
14 сәуір (17:00) - Котаро Фукума (ф-но), Тацуки Нарита (скрипка) / Жапония концерті
Жамбыл атындағы филармония., Алматы қ. («Steppe Art & Music»)
15 Сәуір (19:00) - Котаро Фукума (фортепиано), Тацуки Нарита (скрипка) / Жапония
16 Сәуір (19:00) - Макото Йошида (кларнет) / Жапония
«Forte Trio» ҚР мемлекеттік триосы / Қазақстан
Бір бөлімдегі концерт, ұзақтығы 1 сағ.30 мин.
Бағдарламада - Р.Сакамото, Д. Фуджикура, А. Серкебаев, М. Сағатов, Э. Элгар, М. Равель музыкасы, сондай-ақ жас заманауи жапон авторы Юри Умемотоның Web-Сонатасының премьерасы.
Концертке кіру дәстүрлі түрде тегін. Шақыру билеттерін театрға кірген кезде алуға болады.
Қатысушылар туралы толығырақ:
Котаро Фукума (фортепиано) – Жапония
халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, оның концерттік қызметі бес құрлықтағы 35-тен астам елді қамтиды. Нью-Йорктегі Карнеги холл мен Линкольн орталығы, Лондондағы Уигмор холл, Берлиндегі филармония мен Концертхаус, Лейпцигтегі Гевандхаус, Париждегі Гаво залы, Женевадағы Виктория Холл, Мадридтегі Аудиторио Насьонал, Бейжіңдегі тыйым салынған қаладағы концерт залы, сондай-ақ Токиодағы Сантори Холл және Опера Сити.
Кливленд оркестрімен, Израиль филармониясының оркестрлерімен, Фин радиосымен, Дрезден филармониясымен, NHK симфониялық оркестрімен (Жапония) жұмыс істеді және т.б. 19 CD шығарды.
Тацуки Нарата (скрипка) - Жапония
Маргерит Лонг - Жак Тибо (Франция) халықаралық байқауы, Елизавета патшайым (Бельгия) байқауы, Сендай қаласындағы (Жапония) Халықаралық байқау жүлдегері. Ол әлемнің көптеген беделді оркестрлерімен және дирижерлерімен, соның ішінде Петр Альтрихтермен, Августин Дюмемен және Пиетари Инкиненмен бірге өнер көрсетті. Бірнеше сәтті аудио альбомдар шығарды. Бүкіл әлем бойынша белсенді гастрольдік сапарлар жүргізеді.
Макото Йошида (кларнет) – Жапония
Париж консерваториясының түлегі. Токио музыкалық байқауының I сыйлығы мен көрерменкөзайымы сыйлығының иегері; 2012 жылы Токиодағы «Музыка апталығында» Р.Стольцман сыйлығын ұтып алды. «Sоny Music» үшін И. Брамс пен Р. Шуманның музыкасын жазды. Әлем бойынша белсенді гастрольдік сапарлар жүргізеді. Әйгілі композитор Дай Фуджикура өзінің кларнет пьесасын алғаш рет орындап, оны NHK телеарнасында телекөрсетілім жазуын сеніп тапсырған.
«FORTE TRIO» ҚР мемлекеттік триосы тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Оны 2013 жылы атақты пианист, профессор Тимур Урманчеев құрған. Ол 3 аспапты біріктірді - фортепиано, скрипка мен виолончель. Трио құрамында танымал сахна шеберлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Тимур Урманчеев, дарынды виолончелист, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков, халықаралық байқаулар лауреаты, скрипкашы Мақсат Жүсіпов бар. Трио репертуары – барокко музыкасынан джазға дейін, классикалық шығармалардан заманауи композицияларға дейін. Трио ең беделді әлемдік алаңдарда қазақстандық өнерді ұдайы ұсынады, көптеген халықаралық музыкалық фестивальдерге қатысады.