«Халықаралық мұражай күні» жыл сайын бүкіл әлемде 18 мамырда атап өтіледі. Дәстүр бойынша бұл күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы көрермендергекөрмелер, концерттер, экскурсиялар, шеберлік сыныптары мен интерактивті іс-шаралар бар бай бағдарлама дайындайды. «Музейдегі түн» жобасының мақсаты мұражай кеңістігінде мәдени мұраны насихаттау және кең аудитория тарту.
«Музейдегі түн-2024» мерекелік мәдени іс-шараны ұйымдастырушылардың басты міндетіөнерді дәріптеу, мұражай коллекциясымен танысу және қала тұрғындарын мұражай бағдарламаларына тарту. 2024 жылдың маңызды оқиғасы «Жапония өнері. XVII-XXI ғғ.» каталогының жарыққа шығуы мен Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорларында сақталған жапон өнері көрмесінің ашылуы. Осыған байланысты биылғы жылы жоба Жапонияның бай мәдениетіне, оның күрделі өнері мен философиясына арналған.
«Қазақстанның жетекші өнер мұражайы коллекциясынан Жапония өнері каталогын шығару елдер арасындағы халықаралық мәдени өзара іс-қимылды нығайту мен жандандырудың қосымша көпірі болатынына сенімдіміз», - деп санайды музей директоры Ғұлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова. Жинақта 250-ге жуық туынды бар, олардың көпшілігі 1936 жылдан бастап Шығыс халықтарының Мемлекеттік өнер мұражайынан, Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мұражайынан, Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан және т. б. мұражайға берілді.
Бұл күні келушілерді қызықты бағдарлама күтіп тұр: мұражай аумағында шеберлер жәрмеңкесі мен пленэр, конференц-залда «Кусама: шексіз әлем» фильмінің көрсетілімі (реж. Хезер Ленц), жапон стиліндегі интерактивті ойындар, экспозицияның тұрақты бөлімдеріне экскурсиялар, тақырыптық шеберханалар.
Халықаралық «Мұражай күні» аясында әйгілі суретші Каору Мори Манга сериясынан «Қалыңдық тарихы» (2008) көрмесінің ашылуы маңызды оқиға болмақ. Ол көрермендерді XIX ғасырдағы Орталық Азияның бай тарихына енуге шақырады. 2022 жылы бұл манга Киотодағы халықаралық манга мұражайында «Жапония мен Орталық Азияның бес елі арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған мерейтойлық жоба» аясында қойылды.
Экспозицияда 250 – ге жуық экспонат-графика, металл, ағаш, керамика, мата, сүйек және әйнек туындылары ұсынылады. Сондай-ақ, көрме аясында Досым Сәтбаевтың жеке жинағынан алынған жапондық артефактілермен танысуға болады.
Экспозиция бойынша тілек білдірушілер үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде интерактивті ойындар мен экскурсиялар ұйымдастырылады. Оригами, каллиграфия және ауызекі жапон тілі бойынша мастер-класстар іс – шара серіктестері - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының және Ичикава Жапон үйі көмегімен ұйымдастырылды.
|
Сондай – ақ «Музейдегі түн» концерттік бағдарламада дәстүрлі және классикалық музыка, хореографиялық және сахналық шоулар бар. Қатысушылар: «Ай-куй» көркемсурет-білім беру студиясы, «Еркеле» мүмкіндігі шектеулі қоғамдық қоры, «Асыл мұра» отбасылық ансамблі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының әртістер тобы, актерлік факультет студенттері (театрлық этюд), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жас музыканттары, «Ханга» музыкалық аспапта өнер көрсететін «Бұлт» тобы, «Giovani Talenti» камералық оркестрі, «Дала іздері» дефилесі, «Kiizo» студиясы, қазақстандық үнді классикалық би және йога орталығы, Сергей Червяковтың пантомима театры, SUBANDALA бағдарламасымен әнші Венера Уразбекова, пианист Ләззат Әлмұхамбетова, Майя Колосованың жапон стиліндегі Art of Her шығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Жапония өнерін сүйетіндер мен білгірлерді салтанатты шараға шақырамыз!
Ашылуы: 18 мамыр сағат 14.00-ден 24.00-ге дейін.
Көрме 2024 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады.
Мұражай мекен-жайы: Алматы қ., Көктем-3, 22/1
/ Фото https://www.gmirk.kz/ru/home/