Астанадағы Еуропа гастрономиясы
Еуропа гастрономиясының қыр-сыры Қазақстанда өтіп жатқан ЕО аграрлық азық-түлік миссиясы аясында Астанадағы Interfood көрмесінде таныстырылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ЕО павильондары алуан түрлі дәм мен хош иістер ұсынды.
Келушілерге Еуропаға гастрономиялық саяхат жасауға және үйдегі ірімшіктерден, сүт өнімдерінен және еттен бастап тазартылған сары майға, шараптар мен сусындарға дейін көптеген дәмді тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік берілді. Көрмеде ұсынылған барлық өнімдер мұқият таңдалған, дейді ұйымдастырушылар. Олар жоғары сапа стандарттарына сай және ең талғампаз адамдарға сөзсіз ұнайды. «ЕО елдерінің көбі ғасырлар бойы дәстүрлі түрде белгілі бір тағамдарды өндірумен танымал. Мысалы, ірімшік пен шарапты тұтынудың ерекше мәдениеті бар. Астанада келушілерге ЕО-ның барлық 27 елінің гастрономиялық дәстүрлерімен таныстыратын 250-ден астам өнім атауын ұсындық. Мұнда кез-келген адам келіп, олардың дәмін тата алады. Бізде әртүрлі дәм тату алаңы бар. Мысалы, біз сізге шарапты ет тағамдарына қалай дұрыс таңдау керектігі туралы айтып береміз. Әрине, біз ынтымақтастыққа ашықпыз және біздің павильон қазақстандық бизнес өкілдерінің назарын аударады деп үміттенеміз. Біздің делегация құрамында Қазақстан нарығында өз өнімдерін ұсынуға дайын ЕО-дан келген 40-қа жуық кәсіпкер бар», - деді ЕО павильонының ұйымдастырушысы, Еуропалық комиссия өкілі Камелия Параскив.
Еуропалық комиссия өкілі Камелия Параскив
ЕО павильоны әртүрлі өнімдер ассортиментін ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар келушілерді еуропалық гастрономия тарихымен таныстырады. Ал қазақстандық танымал аспаз Азамат Рахметуллаевтың шеберлік сабақтары аспаздық өнерімен қызықтырады.
«Біз Жерорта теңізі өнімдері қосылған салатты әзірлеу шеберлік сабағын өткізіп үлгердік. Бүгін біз саңырауқұлақ қосылған равиоли мен тирамису дайындаймыз. Бізде басынан аяғына дейін бүкіл процестің толық демонстрациясы бар. Сонымен қатар, менің әріптестерім келушілер үшіндәмтатымдар дайындайды. Біздің сабақтар Еуро өнімдерін ұсынуға бағытталған. Біз олармен қалай жұмыс істеуге болатынын, оларды немен біріктіруге болатынын және олармен қандай нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсетеміз. Сонымен қатар, біз тек еуропалық өнімдермен шектелмейміз. Біз оларды жергілікті өнімдермен бірге қолдануға тырысамыз. Еуропалық тағамдар бүгінде біз көріп отырған барлық затардың бастаушысы деп айтуға болады. Француз тағамдары, әдетте, қазір көптеген мейрамханаларда ұсынылған тағамдарға негіз болады. Мен өзім Испанияда тағылымдамадан өттім. Бұл менің кәсіби қалыптасуыма үлкен әсер етті», - деді аспаз Азамат Рахметуллаев.
Бас аспаз Азамат Рахметуллаевтың шеберлік сабағы
Келушілер еуропалық тамақтану мәдениеті мен ауыл шаруашылығын жүргізу әдістерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік беретін ақпараттық сессияларға, дегустацияларға және шеберлік сабақтарға қатыса алады. Ойын-сауық семинарларының тақырыптары әртүрлі:«Трансконтинентальды дәм жаңалықтары: Еуропа ірімшіктері әлеміне саяхат», «Тамаша комбинация: Еуропа шарабы мен ет», «Еуропалық эликсир экспедициясы: еуропалық талғампаздықпен коктейльдер жасау» және т.б.
Interfood көрмесі 29-31 мамыр аралығында «Астана халықаралық көрме орталығы», Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекенжайы бойынша өтеді.