qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Бибігүл Жанұзақ «Айсұлу» операсындағы басты партияда дебют жасайды
С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» комедиялық операсы28-29 қаңтарда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында тағы да ұсынылады.

 Премьера күндері спектакль аншлаг жинаған еді, сондықтан қойылымға келе алмаған көрермендердің жуырда зор жетістікпен ұсынылған спектакльмен танысуға мүмкіндіктері бар. 

«Айсұлу» - бұл әрбір көрерменнің жүрегіне жақын хикая.Оқиғаның жеңіл баяндалуы, жарқын әзіл мен тамаша музыкалық тақырыптар еліктіретін және кейіпкерлер үшін уайымдауға мәжбүрлейтін айрықша атмосфера жасайды. Опера музыкасымен де, қызықты сюжетімен де баурап,әрбір көрерменге қуаныш пен шаттықты, спектакль кейіпкерлері жасайтын шытырман оқиғаны сезінуге мүмкіндік береді. 

Қоюшы режиссер Еренбақ Тойкенов сахнада 60-70жылдардың атмосферасын жасап, оны түрлі жастағы көрермендер үшін түсінікті, қызықты әрі заманауи етуді міндет етіп белгіледі. Әртістердің шеберлігі мен тұтас қойылымдық топтың керемет жұмысының нәтижесінде бұл мақсатқа қол жеткізілді. 

Сонымен, спектакль қоюшы дирижер, Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдиннің, қоюшы режиссер ЕренбақТойкеновтің, қоюшы сценографтар  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгуновтың жетекшілігімен жүзеге асырылды, олардың бірлескен күштері жанды әрі әсем сахна көрінісін жасады. Басты партияны орындаушылар, опера труппасының солистері көрермендерге тағы да ұмытылмас әсер сыйлайды. 

Түрлі күндері Айсұлудың партиясын Назым Сағынтай мен осы рөлде сахнаға алғаш рет шығатын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ орындайды. Серкенің рөлінде Дінмұхамед Көшкінбаев пен Талғат Ғалеев өнер көрсетеді. Хасеннің партиясын Шыңғыс Расылхан, Ержан Саипов дайындаудаал Әубәкірді Талғат Аллабиринов,Артур Ғабдиев сомдайды. Жансұлу мен Нұрсұлудың рөлдерін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Әсем Сембина, Салтанат Мұратбекова мен Татьяна Вицинская ұсынады. Газет сатушысы мен Милиция қызметкері  Сұлтан Бақытжан, Алтынбек Әбілда (дебют), Академик – Валерий Селиванов пен Болат Есімханов,Әбдіқадыр – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев, Валерий Селиванов

«Астана Опера» сахнасында Айсұлудың партиясында дебют жасау мен үшін үлкен қуаныш. Бұл бейне менің жаныма жақын, өйткені ол қажыр-қайратқа, шынайылық пен жарқын әзілге толы. Опера барлықтарымызды әртістерді де, көрермендерді де өткенге жетелейді. Партиямен жұмыс шынымен қызықты болды, дайындықтар көңілді өтті. Маған қолдау көрсетіп, шабыт бергені үшінрежиссерге, дирижерге және барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін. Менің Айсұлуым көрермендерге қуаныш, күлкі мен ұмытылмас эмоция сыйлайды деген үміттемін. 28-29 қаңтарда өтетін спектакльдерде барлықтарын бізбен осынау тамаша хикаяны бөлісуге шақырамын, деді Бибігүл Жанұзақ.

Спектакльдердің басталуы 19:00-де.

14 января, 2025
40
Осы туындымен бөлісіңіз: