Қазақ ұлттық музыка Академиясының түлегі Әсел Имайо музыка әлеміне жасаған алғашқы қадамнан-ақ өзінің дарынды скрипкашы екенін көрсетті. Еңбек жолын 2000 жылы Астанада Эстрадалық-симфониялық оркестр әртісі және Қ.Байсейітова атындағы Опера театры оркестрінің концертмейстері ретінде бастады. Оның шеберлігі назардан тыс қалмады, 2005 жылдан бастап ол көрнекті қазақстандық скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен Батыс Қазақстан оркестрінің құрамына қабылданды. Ал 2012 жылы Алматыдасимфониялық оркестрдің алғашқы скрипкасы атанды.
Әсел үшін бұл тек үлкен табыстың бастамасы ғана еді. 2018 жылы ол Қазақ академиялық музыкасын әлемге паш ету, сондай-ақ мәдени мұраны сақтауды мақсат еткен «Арт – Мирай»жеке қорын құрады (Қор жобалары арасында: Қазақстан композиторларының үш байқауы,«Altyn Art» мәдени-ақпараттық журнал; MusicBookShop музыкалық витринасы және т. б. бар).
Әсел Имайо: «Үлкен ауқымда, жаһандық ұғымда «Арт-Мирай» жобасы, менің жобаларым ұсақ тас болып көрінеді, бірақ олар өміршең, шынайы, олар бос кеңістікті толтыра алады. Мен олармен мақтанамын және оларды жүзеге асыруға ат салысқан, жоқтан бар жасап жүрген барша жанға алғыс айтамын. Көп түкірсе көл деген».
Ол тек сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, қазақстандық музыка мәдениетін насихаттауды да қолға алған. Ұстазы профессор Б. С. Қожамқұлова туралы деректі фильм түсіріп, «Қазақ скрипка музыкасының хрестоматиясы» жинағын қайта басып шығарды. Оның бастамасымен Қазақ музыкасының бірқатар жинақтары жарық көрді (балаларға арналған «Шашу», қазақстандық композиторлардың «Арман Асуы» пьесалар жинағы, «Қазақ музыкасының танымал әуендері» жинағы және т.б.). Ол сондай-ақ Қазақ академиялық музыкасын дыбыстау сессияларын ұйымдастырушы.
Шығармашылық қызметтен бөлек Әсел білім беру саласындағы қарқынды дамуын жалғастыруда. 2011 жылы ол өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды, ал 2023 жылы PhD дәрежесін алды.Ал бұл табыстардың бастауы – тәртіп, еңбек, шыдамдылық, табандылық пен музыкаға деген мәңгілік махаббат.
Бірақ Әселдің жанына жақын бір жоба бар, ол «Сиқырлы скрипка ертегілері» деп аталады. Қазақ музыкасы мәдениетінің өткені мен бүгінін байланыстырған, сөз бен иллюстрация арқылы музыкалық әуендерге жан біткен ерекше кітап. Әсел дыбыс пен ертегілердің үйлесімі арқылы оқырманға қазақ классикалық музыкасының бай мұрасын еске салады. Түрлі-түсті кітапта балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «Қарлығаш», «Ақ Сиса» мен «Елигай» классикалық әуендер негізінде ертегілер оқиды, әуендер нотасымен оларды орындайы, ал сілтемеге өтіп «Арт-Мирай» қорының YouTube арнасында оларды тыңдай алады. Айтпақшы, Әселдің кітабын Астанадағы «Astana Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көрмесінен тауып, сатып алуға болады.
Әсел Имайо: «Кітап жәрмеңкесінде ұсынылған үлкен таңдау арасында менің кітабым теңіз тамшысы сияқты көрінуі мүмкін, дегенмен менің «сүйкімді кішкентай» туындым мұқаба жарқындығымен де, суреттердің әсемдігімен де, бірегей мазмұнымен де басқалардан кем түспейді.
Мен жүзеге асырған жобалар арасында бұл ең сүйіктісі. Ол «Сиқырлы скрипка» деп аталатын мультижобаның бір бөлігі және оның әдемі нәтижелерінің бірі. Оның өз үлкен миссиясы бар – «Сиқырлы скрипка» және оның ертегілері – жүректен шыққан қазақ музыкасы шырқалатын кітапша. Балаларға арналған, менің кішкентай қызыма, болашақ немерелеріме, барлық бүгінгі және болашақ бүлдіршіндерге арналған».
Әсел 2020 жылдан бері Жапонияда, өзінің жапон отбасымен бірге тұрады және өзінің сүйікті ісімен айналысады. Әсел Имайо жай музыкант қана емес, ол қазақстандық музыка мұрасының мәдени дипломаты. 2021-2023 жылдар аралығында ол Жапонияда 100-ден аса жеке концерт берді. Оның қойылымдары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарында, бұл ең алдымен оның жергілікті жердегі абыройы мен танымалдылығын көрсетеді.
Әсел Имайо: «Мен мұнда концерттермен жиі өнер көрсетемін. Репертуар өте кең, мен жапондықтардың сүйікті классикалық музыкасын, жапон және әлемдік танымал музыканы да ойнаймын. Және, әрине де қазақ музыкасы.
Сәуір айының басында өткен соңғы концертте танымал классиктерді қуана орындадым.Керемет әсер де болдым! Қазір дайындыққа уақыт аз, бірақ оны бәрібір табу керек. Қойылымдар арқасында сіз өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермейсіз. Жаңа шектер, скрипка сықысына жаңа шек сатып аласың, этюдтер мен капристерді ашасың, гаммаларды қайта-қайта ойнайсың.
Оқу жылдарында маған гаммалар мен этюдтер тапсыратын техникалық емтихандар мүлдем ұнамайтын. Ал қазір скрипкамен жалғыз қалғанда, оларды қуана қайталаймын.
Концерттерден кейін тек көрерменге ғана емес, бір кездері маған скрипка сатып алып, музыкамен айналысуға (және дағдарыс кезінде сенім бергені үшін) мүмкіндік берген ата-анама да алғыс айтамын».
Талантты скрипкашының жаңа шығармашылық бастамасы – «Бесіктен басталған қазақ музыкасы» - «Qazaq Musicbox for Babies» альбомы. Музыкалық қораптан шыққандай әсер қалдыратын винил жазбасының ерекше сыбдыры бар, сиқырға толы атмосфера жасайды. Әселдің жақында ана атанғанын ескерсек, туынды жан мен жылулықпен жасалғандай әсер береді. Жинаққа енген әдемі әуендер арасында Ахмет Жұбановтың танымал «Қарлығаш» әні де бар.
Әсел Имайо: «Мен кішкентай қызыма, Жапония азаматына, оны туғаннан бастап, тіпті оған дейін де Қазақстанмен байланыстыратын құнды дүние қалдыра алғаным жаныма демеу.
Қазір оның айналасында жапондық балалар әндері мен мәңгілік классика әуендері көптеп шырқалады, оларды ол әзірге көп емес ойыншықтарда, ұялы телефонда, қоғамдық орындарда, балалар бөлмесінде тыңдайды. Уақыт өте ол есейеді, қоғаммен араласады, ал анасының әлдиі ұмытыла береді. Бірақ бір күні, тіпті көптеген жылдар өткен соң, ол Елігай немесе Балхадиша әуенін естігенде, ол олардың жанына жақын екенін сезеді және жан дүниесін тербетеді».
«Qazaq Musicbox for Babies» альбомын YouTube, Spotify және басқа музыкалық платформалардан табуға болады.