qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
«Гүлдер» ансамблінің әртістері Латвиядағы XVII халықаралық хореография байқауында лауреат атанды
Ригадағы халықаралық байқау 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілген халықаралық би күнін мерекелеуге арналды.

Дәстүр бойынша, байқау заманауи бидің негізін қалаушы ретінде тарихта қалған француз балетібишісі, теоретик және балет реформаларын жасаушы Жан-Жорж Новерреге арналған. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі және осы өнердің барлық стильдеріне арналған

XVII халықаралық хореография байқауында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт»мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі әртістері «Халық биі» және «Хореограф» номинациясында лауреат атанды.


Байқау Рига қаласында өтті. Оған АҚШ, Латвия, Эстония, Литва, Германия, Австралия, Испания, Греция, Грузия, Жапония, Словения және Қазақстан сияқты әлемнің 12 елінің бишілері қатысты.


Халықаралық би байқауына қатысқан «Гүлдер» ансамблі жаңартылған құраммен аты аңызға айналған ұжымның шығармашылығын лайықты жалғастырып қана қоймай (1969 жылы құрылған), халықаралық аренада өтетін беделді фестивальдар мен байқауларда өз биігін нығайта түсті. Соңғы жетістіктерден Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымның «Гүлдер» ансамблі әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылғы ақпанда Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореография байқауында алтын медаль алып, лауреат атанды.

Байқауда әртіс Анвара Садықованың хореографиясындағы «Аққу» және Алмат Шамшиевқойған «Ерке бала» қойылымдарын ұсынды. Байқауға 800-ден астам адам қатысты, олардың тек 34-і ғана іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кетейік, «Халық биі»номинациясында Гала-концертте өнер көрсету мүмкіндігін тек Аққанат Смағұлова ғана алды.

2024 жылғы 25 мамырда сағат 18.00-де «ГҮЛДЕР» ансамблі жанкүйерлер мен қонақтардыөзінің жеке концертіне шақырады.

Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика даңғылы, 2)


08 мая, 2024
200
Осы туындымен бөлісіңіз: