Аграрлық азық-түлік секторда анағұрлым күшті және заманауи әріптестікті қалыптастыру мақсатында Еурокомиссар Ч.Войчеховский бастаған ЕО-ның жоғары деңгейдегі аграрлық азық-түлік миссиясы 2024 жылғы 27-31 мамыр аралығында Қазақстанға алғашқы сапармен келді.
Аграрлық азық-түлік сектордың бизнес миссиясы құрамына ЕО-ға мүше 16 елден 40-тан астам компания кіреді. Сапар шеңберінде жақын байланыстар орнатуға және Қазақстан Республикасы мен ЕО іскер топтарының өкілдері арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға бағытталған іс-шаралар жоспарланған. Ауылшаруашылық ынтымақтастығы екі жақтың күн тәртібінде маңызды орын алады. Біздің ел ЕО-ның ауылшаруашылық экспортының маңызды бағыты, оның көлемі 2023 жылы 702 миллион еуроны құрады.
Осыған байланысты Алматы мен Астанада ЕО аграрлық азық-түлік кәсіпорындары Қазақстан Республикасындағы бизнес өкілдермен кездесулер ұйымдастырылды. Миссияға қатысушылар азық-түлік пен сусындардың кең спектрін ұсынады, соның ішінде: жануарлардан алынатын өнімдер; шараптар мен спирт өнімдері; жемістер, көкөністер мен тұқымдар; географиялық көрсеткіштері қорғаумен қамтылған органикалық және арнайы өнімдер. Бұл сонымен қатар әртүрлі тараптардың гастрономиялық дәстүрлерін байыта отырып, тәжірибе мен рецепттермен бөлісудің бірегей мүмкіндігін жасайды.
Іскерлік кездесулер арасындағы үзілісте біз Румыниядан келген қатысушы, SC Rom HoneyGroup SRL компаниясының өкілі Andra Nichitean-мен сөйлестік:
Qazaq Culture: Ең алдымен, біздің басылымға сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғыс біліреміз. Біздің ел сізге ұнады ма?
Andra Nichitean: Әдемі елдеріңізде сөйлесу мүмкіндігі үшін рақмет айтамын. Біз айналамыздағы табиғат көріністері мен ел тұрғындарының ыстық ықылыласына таң қалдық. Мен бал өндіретін компания мен Румыниядан келген топтың өкілімін. Біз бал өнімдеріннегізінен румындық омарташылардан жинаймыз және оларды бүкіл әлемге, соның ішінде Америка мен Жапонияға экспорттауға үлкен мүмкіндігіміз бар. Біз экспорт пен сертификаттаудың халықаралық талаптарын ұстанамыз, сонымен қатар өнімдер био сертификатталған, ал бұл импорттың осы түрі үшін өте маңызды. Сіздің елде ұсынылған балмен азық-түліктің сапасы жоғары және біз сапалы өнімдерді қолайлы бағамен сатып алуға үлкен қызығушылық танытамыз. Егер біз делдалдық шығындарды азайтып, өндірушілермен тікелей жұмыс жасасақ, біз бәсекеге қабілетті бағаларды ұсына аламыз, мысалы, ол Франциядан төмен болуы мүмкін. Бұл ең үзік тауармен немесе тең сападағы төмен бағанықамтамасыз етеді.
Qazaq Culture: Өзіңіздің компанияңыз туралы, оның тарихы мен негізгі құндылықтары туралы қысқаша айтып бересіз бе?
Andra Nichitean Тарихымыз айтарлықтай кең емес. Біз үш жыл бұрын жабылған өндірістік шеберхананы қайта жандандырдық және еуропалық грант негізінде Румыния ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулердің арқасында инновациялық бал өнімдерін шығара бастадық. Қант диабетімен ауыратындарға арналған гликемиялық индекс те зерттелді. Біз сондай-ақ Еуропа аумағындағы ғылыми жобаларға қатысамыз.
Qazaq Culture: Өнімдердің сапасын қалай растайсыздар?
Andra Nichitean: Өнім сапасы ISO және FDIS сияқты көптеген сертификаттармен расталады. Біздің жеке зертханалық орталығымыз, сондай-ақ Германияда балдың жоғары сапасын растайтын зертханамен келісімшарт бар. Біз балдың әр түріне жүзден астам талдау жасаймыз, сапасына кепілдік беру үшін тіпті кішкене партияларды да қамтимыз.
Qazaq Culture: Бал – өте күрделі өнім. Оның сапасын растау үшін қандай шаралар қолданасыз?
Andra Nichitean: Б расымен де өте күрделі өнім. Бір қарағанда, қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде бал – тұтас кешен, өнімнің бүкіл жүйесі. Және әлемде жалған өнім ұсынылатын өнімдер арасында екінші саналады. Әлемде зәйтүн майы, содан кейін бал 100-ден астам сынама мен зерттеуді қажет етеді. Сондықтан оның сапасын растау үшін көптеген сынақтар жүргіземіз. Перспективалы бизнес үшін біз жаңа клиенттер мен бизнес мүмкіндіктерге ашықпыз. Сондай-ақ біз әзірленген өнімдерді бірлесіп пайдалану үшін жергілікті кәсіпкерлермен тығыз ынтымақтастық пен серіктестікке мүдделіміз.
Qazaq Culture: Жергілікті бал мен ас мәзірі ұнады ма?
Andra Nichitean: Иә, мен таңғы ас кезінде Қазақстан балынан дәм татып көрдім. Мен бұл жерде Украина балын байқадым. Бұл өте сирек кездесетін бал. Себебі оның өзіндік негізі бар. Ол ашық түсте емес, күңгірт түсте және қарақұмық балы да бар. Маған барлық тағамдар ұнады, және, әрине, жергілікті тұрғындардың ілтипатын тап өткім келеді, мен осында болғаныма қуаныштымын.
Qazaq Culture: Қазақстан туралы әсеріңіз қандай?
Andra Nichitean: Шынымды айтсам, мен Қазақстанға бірінші рет келдім және өз пікірімді қалыптастыру үшін уақыт аз болды. Мен үстірт қорытынды жасамауға тырысамын және өз пікірімді білдірмес бұрын елмен немесе бизнес-жобамен жақынырақ танысуды жөн көремін.
Qazaq Culture: Қызықты әңгіме үшін көп рақмет.
Посткеңестік кезеңде Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі. ЕО өз кезегінде әлемдік экономикада ықпалды полюске айналды және олардың Қазақстанмен әріптестігі өңірде тек экономикалық қана емес, мәдени байланыстарды да дамытуға және нығайтуға ықпал етеді.
Іс-шара күндері: 2024 жылғы 29/30 мамыр
Өтетін орны: Астана, Interfood Astana, ЭКСПО-дағы ЕО павильоны: Мәңгілік Ел даңғылы 53/1