qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
/ Мақала
Қазақ балетіне 90 жыл - картиналардағы тарих
2024 жылғы 16 мамырда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Қазақстанның кәсіби хореографиялық өнерінің 90 жылдық кезеңінде қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдерді қайта жаңғыртуды ұсынады.

«Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» картиналар көрмесі «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомының баспа жобасының жалғасы.

Жоба мақсаты көркем және дизайн өнері арқылы ұлттық музыкалық-хореографиялық мәдениетті сақтау және насихаттау.

Көрме мұражай, театр, жеке мұрағаттардан сирек кездесетін мұрағаттық фотосуреттер, бейнелер мен мәтіндер негізінде жасалған авторлық көркем суреттерден тұрады. Картиналарда Қазақ опера-балет театрының 90 жылдық кезеңдегі (альбом шежіресі 89 маусымның аяқталуымен үзіледі) ұлттық спектакльдердегі көріністер бейнеленген.

Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры, «Самұрық» қазіргі заманғы би театры, апалы-сіңлілі Ғаббасовтар би театры, Қ.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры, «Астана Балет» театры, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының қойылымдары бар. А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі мен Қазақ ұлттық өнер университетінің спектакльдері де ұсынылды.

Жобаны іске асыруға тек отандық мәдениет қайраткерлері — куратор Тоғжан Молдалим, Qazaq ballet creative Lab басшысы Дамир Оразымбетов, дизайнер Гузель Нұрымбетова, суретші Жаннат Баймұханова қатысты.

16 мамырда өтетін көрменің салтанатты ашылуына Абай атындағы опера және балет театрының және Болат Аюханов театрының әртістері, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары қатысады.

Экспозиция 2024 жылдың 7 маусымына дейін жалғасады.


09 мая, 2024
244
Осы туындымен бөлісіңіз: