Жақында Қазақстанда қазақтың аты аңызға айналған мерген қызы және Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне арналған «Әлия» жаңа көркем фильмнің түсірілім басталады. Жоба Әлияның туғанына 100 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған, ал оның премьерасы 2025 жылдың мамырына жоспарланған.
Әлия Молдағұлова 1925 жылғы қазан айында Ақтөбе облысында дүниеге келген және әлі жасөспірім шағына қарамастан өз еркімен майданға аттанған. Соғыста ол ерекше батылдық танытып, ең қауіпті тапсырмаларды орындап, мызғымас рух пен патриотизмнің үлгісіне айналды. Оның өмірі 18 жасында аяқталды, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс тарихында жарқын із қалдырды.
Өмірбаяндық драма түсіру жұмыстары ресейлік журналист және актриса Алена КулешоваСанкт-Петербургтегі Әлия ескерткішінің ашылуынан шабыт алып, үш жыл арнағаннан кейін басталды. Сценарий жасау барысында сценарий авторлар тобы аңызға толы тұстарды барынша алып тастауға тырысып, Әлияның өмірін үмкіндігінше тарихи дәлдікпен және шынайы жеткізу үшін ауқымды зерттеулер жүргізді.
Фильм режиссері қазақ кинематографындағы жұмыстарымен танымал Ален Ниязбеков. («Каникулы в Таиланде», «Моя большая казахская семья», «Агашки по вызову 2: начало», «Ауылбайский участковый», «Ты — босс», «Алматы, я люблю тебя»).
«Біз психологиялық әскери драма жанрын таңдауды шештік. Сюжеттің дамуы барысында эмоционалды қарқын артып, майдан көріністерінде шегіне жетеді. Біз фильмнің Қазақстандағы және бұрынғы КСРО елдеріндегі, сондай-ақ алыс шет елдердегі аудитория үшін тартымды болатынына сенімдіміз, бұл үшін картинаның барлық әлеуеті бар», - деді фильм режиссері.
9 мамырда жас Әлия рөліне жалпыұлттық кастинг басталатыны бекер емес. Халықаралық жоба 15-16 жас аралығындағы ұлты қазақ актрисаны іздейді, бұл фильмге ерекше шынайылық береді. Түсірілім осы жылдың күзіне жоспарланған және Қазақстанның Петропавл, Өскемен мен Орал қаласында, мүмкін Беларусте өтеді.
«Әлия» фильмі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ халқының қаһармандық өткенін еске алудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болуға уәде береді. Әлия Молдағұлова Ленинградты азат етуде қаза болғаннан кейін 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Кинотаспа өндірісімен «Microcosm Pictures» кинокомпаниясы айналысады, қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев («Брат или брак», «Жол», «Возмездие», «Донор»). Бас продюсер және сценаристердің бірі - Александр Шухов.
Естеріңізге сала кетейік, 1985 жылы «Казакфильм» студиясы мен режиссер Болотбек Шәмшиев Әлия Молдағұловаға арналған «Мергендер» кеңестік фильм түсірген болатын. Картина ХІХ Бүкілодақтық кинофестивальде лауреат атанды.