Орталық Азиядағы танымал ұйғыр суретшілердің 70 туындысы кескіндеме мен графикада
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында коллекционер, меценат, ақын және жазушы Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азиядағы ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)» жеке коллекциясынан алынған көрме өтуде.
Князь Азат Әкімбек - әлемге әйгілі коллекционер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1972 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ол Шығыс Түркістан, Қашқар, Хотан, Тұрфан, Кучар, Ақсу және т.б. қалалардың шеберлері жасаған ұйғыр халық-қолданбалы өнерінің бірегей коллекциясын жинай алды. Ол Қазақстан аумағында, сондай-ақ басқа елдерде 74 көрме ұйымдастырып, өткізді.
Көрмеге ұйғыр суретшілерінің 70-тен астам жұмыстары қойылған. Олардың барлығы шығармашылық аренада белсенді әрекет ететін әлемге әйгілі шеберлер. Кәсіптік білім алған және танылған жасаушылардың бұл буыны Алматы мен Алматы облысының тумалары. Бір сөзбен айтқанда олар өзінің шығармашылық жолынан өткен, қалыптасқан дүниетанымы мен кең ой-өрісі бар жетілген суретшілер.
Қазақстанда ұйғыр бейнелеу өнерінің даму тарихын бірегей деп атауға болады. Ұйғыр этносықазақ жерінде бірнеше ұрпақ бойы өмір сүріп келе жатқан үлкен топ. Ұйғырлардың көркем мәдениетінің ерекшелігі – дәстүрлі ұйғыр өнерін құрметпен және ұқыпты сақтау және оны заманауи сәндік-қолданбалы, музыкалық және би саласында дамыту. Ұйғыр ортасындағы кәсіби бейнелеу өнерінің басталуы қазақ ортасында Әбілхан Қастеев таратқандай Авакри Шамсиге (Әбубәкір Шамсутдиновке (1903-1987) тиесілі. Алыстағы жылдардағы драмалық оқиғаларды бейнелеу арқылы А. Шамси ең алдымен өз халқының тәуелсіздік пен бостандыққа деген ұмтылысын көрсетеді.
Көрерменнің назарына кәсіби өнерде – кескіндеме мен графикада жұмыс істеген және жұмыс істейтін суретшілердің: Өзбекстан халық суретшісі, Өзбекстан Өнер академиясының академигі Медат Кагаровтың, Канндағы (Франция. 2005 ж) халықаралық көрменің алтын медалінің иегері Абдукарим Исаның, Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚазБСҚА дизайн факультетінің профессоры Аркен Зульфикардың, Өзбекстанның халық суретшісі, Өзбекстан Өнер академиясының академигі, Ресей Өнер Академиясының Құрметті академигі Леким Ибрагимовтың, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сәбит Бабаджановтың,ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан өнер академиясының академигі Ахмет Ахаттың, ҚХР СУАР өнер академиясының президенті Керима Насирдиннің және басқалардың ерекше жұмыстары ұсынылды.
Көрме 2024 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.
Мекенжайы: Алматы қ., Көктем-3