Музыкалық кеш идеясының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано Ғалия Байғазинова осынау концерттеөзінің әріптестері – «Астана Опера» театрының солистерімен және шақырылған әртістермен бірге композитордың танымал, сондай-ақ сирек шырқалатын туындыларын орындайды.
Сыдық Мұхамеджановтың шығармашылығы «Астана Опера» театрының репертуарында айрықша орын алады.Біртуар композитордың 100 жылдығына орай былтырқарашада оның «Айсұлу» комедиялық операсының премьерасы театрдың Үлкен залы сахнасында зор жетістікпен өтіп, сыншылар мен көрермендердің оң бағасына ие болған еді. Мерейтойлық датаға орайластырылған шаралар елордалық театрда биыл да жалғасуда.
– Қазақ мәдениетінің тарихында өзінің өшпес ізін қалдырған Сыдық Мұхамеджановтың еңбектері сұранысы мен өзектілігін ешқашан жоғалтпақ емес, өйткені оның музыкасында дәстүр, өсиет пен тәрбие өріліп жатыр. Оныңәндері терең лирикалылығымен және әуезділігімен баурап алады. Осынау дарынды композитордың музыкасыменалғаш рет консерваторияда оқып жүрген кезімде танысқан едім. Содан бері оның әндері мен романстары менің репертуарымнан үзілген емес, оларды әлі күнге дейін жеке концерттерде орындап келемін және әрдайым өзім әлі шырқамаған жаңа әндерін сахнаға алып шығамын. Сыдық Мұхамеджановтың шығармашылығы менің жүрегімде өте жоғары орынға ие деп сенімді түрде айта аламын, – деп пікірімен бөлісті Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова.
Идея авторы Ғалия Байғазинова концертке көптен бері дайындалғанын, сол үшін композитордың көпшілікке аса танылмаған және жарыққа шықпаған туындыларыніздегенін айтты.
– Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына кеш арнап, осылайша рухына тағзым ету идеясы бұрыннан көкейімде жүретін. Концерттің «Әнмен өрілген ғасыр» деп аталуында терең символикалық мән бар, себебі оның музыкасы көптеген онжылдықтар бойы шырқалып келеді. Бұлмерейтойлық концертте бұрын-соңды еш жерде орындалмаған әндерді ұсынғым келді. Оның шығармашылығы жайлы әлі білмейтін тыңдармандарды тамаша туындыларымен, оның ішінде Қобызға арнапжазған концертімен таныстыруды жоспарлап отырмын, – деп пікірін қосты әнші.
Әйгілі музыканттар Сыдық Мұхамеджанов туралы пікір білдірген. Атақты Ғазиза Жұбанованың ол жайлы айтқан: «Біз бәріміз – жай ғана композитормыз. Сыдық болса – Алланың рақымына бөленген композитор» деген сөзін еске алудың өзі жеткілікті.
Айта кетейік, бұл кеште Ғалия Байғазиновамен біргеКамералық зал сахнасына оның әріптестері – опера труппасының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Дінмұхамед Көшкінбаев пен Талғат Аллабиринов, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтің жетекшілігіндегі театр хорышығады. Бұдан бөлек, кеш аясында халықаралық байқаулардың лауреаты сопрано Жұлдыз Нәкен өнер көрсетеді. Фортепиано партиясын театр концертмейстерлеріҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова мен Айшабибі Асқарова орындайды.
Концерттің мазмұнды бағдарламасына Сыдық Мұхамеджановтың Абай Құнанбайұлының сөзіне жазған«Құлақтан кіріп бойды алар», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» туындылары, сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазған «Бозторғай», «Жазғы таңнан бері», «Қарқаралы» романстары мен әндері енді.Сегіз серінің «Әйкен-ай» әні мен Джордж Байронның «О, как поешь, милая, ты» шығармасына жасаған өңдеулері де алдағы концертке көрік береді.
Бұдан бөлек, «Сағындым-ау», «Жазғы дала», «Қызғалдақ», «Алматы вальсі», «Көктем вальсі» секілді көп орындала бермейтін туындылар шырқалады. «Айсұлу» операсынан Айсұлудың ариясы мен «Ақан сері – Ақтоқты» операсынан Ақтоқтының ариясы да көрермендерге қуаныш сыйлайды.
Концерт аясында алғаш рет К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, қобызшы Кенжегүл Мұсаеваның орындауында Сыдық Мұхамеджановтың Қобызға арналған концерті таныстырылады. Фортепиано партиясында халықаралық байқаулардың лауреаты Шахизада Құлсейітова өнер көрсетеді.
Концерттің басталуы 17.00-де.