qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ ҚР Президенті ЮНЕСКО ның бүкіләлемдік мұра тізіміне бірқатар нысандарды енгізуді тапсырды
ҚР Президенті ЮНЕСКО ның бүкіләлемдік мұра тізіміне бірқатар нысандарды енгізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстірт қорығы мен Қазақстанның батысындағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуді тапсырды. Президенттің пікірінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі комитетіне мүшелік - біздің еліміз үшін пайдалануға болатын және қажет болатын жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Былтыр Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайланды. Мұндай мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз керек. Алтынемел және Барсакелмес ЮНЕСКО мұралары тізіміне енгізілді. Рухани маңызы бар жұмысты жалғастыру қажет. Елімізде қайталанбас табиғи және тарихи мекендер көп. Осындай теңдесі жоқ орындардың бірі – біздің ұлттық мақтанышымыз бұл – Үстірт қорығы. Ондағы тылсым табиғат көріністері туристердің ерекше қызығушылығын туғызады. Шетелдің танымал кәсіби фотографтары оны суретке түсіру үшін алыстан арнайы келеді», - деді Президент Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жерасты мешіттеріне ерекше назар аударды, Қазақстанның батысында жиырмадан астам мешіт бар. Тарихи нысандар әртүрлі кезеңде салынған және бір-бірінен өзгеше. Мұның өзі еліміздің рухани кеңістігінде ерекше дәстүрлер болғанын және тамыры тереңде жатқанын көрсетеді. Біз оның бәрін мұқият сақтап, жер жүзіне танытуымыз қажет.

«Біз өзіміздің бірегей табиғи ландшафттарымызды және тарихи-мәдени мұрамызды әлемдік деңгейде сақтауымыз және ілгерілетуіміз керек. Уәкілетті органдарға ұлттық комиссиямен бірлесіп аталған объектілерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырамын», - деді президент.


Құрылтай барысында Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елімізді «петроглифтер елі» деп атайтыны кездейсоқ емес екенін еске салды.


«Ешкіөлмес жотасы - Еуразиядағы петроглифтердің ең ірі шоғырларының бірі. Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық шатқалдарында да көптеген көне суреттер сақталған. Бұл жартастағы кескіндеме ескерткіштері дала өркениетінің мыңжылдық шежіресі. Соңғы жылдары кейбір петроглифтер құрылыс индустриясының қажеттіліктерін ескере отырып жойылуда. Біз бірегей тарихи нысандарымызды жойылудан қорғауымыз керек. Құзыретті органдарға бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Қажет болса, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселені қарастыру қажет», - деп қорытындылады Тоқаев.