«Астана Балет» театры 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен құрылды. Алғашқы қойылым 2013 жылдың шілдесінде өтті және бірден үлкен табысқа ие болды: көрермендер бұл театрды жылы қабылдады және бірден жақсы көрді. Бүгінгі таңда дарынды ұжымның Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де мыңдаған жанкүйері бар.
Театр алдына қойған мақсаты қазіргі заманғы хореография өнерін сақтай отырып, ұлттық келбетін дамыту. «Астана Балет» басым міндеттерінің бірі –жаңа, ұлттық қойылымдар ұсыну. Театр репертуарында спектакльдердің әр түрлі бағыты, әлемдік балет өнерінің классикасынан бастап модернге дейі қойылымдары бар.
Театр сипаттамасы
Театрдың жалпы ауданы - 15 467 м2. Көрермендер залында 783 орын бар (609 орындық партер, 104 орындық балконның 2- деңгейі, 70 орындық балконның 3-деңгейі). Театр кеңістігін ұйымдастырудың барлық заманауи стандарттарына сәйкес келетін сахна алаңы – 536 м2. Сахна кешені авансценамен, арьерсценамен және қалталармен бірге 1000 м2-ден асады. Оркестр шұңқыры 50-60 музыкантқа арналған.
Сахнаны өзгерту үшін жылжымалы және көтеру-түсіру механикасының соңғы технологиялары қолданылды. Жарықтандыру кешеніне дәстүрлі театр аспаптары мен жүйелері де, осы саладағы ең жаңа инновациялық әзірлемелер де кіреді. 800-ге жуық жарықтандыру құрылғылары жоғары сапалы көркем жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Театрда 2 жаттығу залы бар, олардың ауданы сахна алаңына сәйкес келеді, бұл жаңа қойылымдар жасау процесінде өте ыңғайлы.
«Астана Балет» театры сахнасының мүмкіндіктері режиссерлер мен сценографтардың алдында ең батыл және ерекше идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Театр репертуары
«Астана Балет» театры Қазақстан Республикасының жетекші хореографиялық ұжымдарының бірі. Театр классикалық дәстүрлер мен заманауи хореография мен халық биінің соңғы тенденцияларын шебер үйлестіреді. Мультижанрлық репертуар үнемі әлемдік және отандық классиканың шедеврлерімен, ерекше хореографиялық қойылымдармен толығып отырады.
Театр репертуарында Джордж Баланчиннің «Серенадасы», «Концерто Барокко», «Фортепиано мен оркестрге арналған Каприччио» сияқты әлемдік балет грандтарының қойылымдары бар; Уильям Форсит «Іin the middle, Somewhat Elevated», Джири Киллианнің «Құлаған періштелер», Юрий Григоровичтің «Махаббат туралы аңызы», Раймонд Ребектің «A journeyестелік», сондай-ақ Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті, Адольф Аданның «Жизелі»және басқалар.
Театр репертуары отандық және шетелдік хореографтар қатысқан бір актілі және көп актілі балеттердің арқасында бай және алуан түрлі. Олардың ішінде: «GAIA», «A Fuego Lento», «Love Fear Loss», «Touch of Illusion» (хореография Рикардо Амаранте), «Вальпургиева ночь», «Снежная королева», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (хореография Георгий Ковтун,), «Salomé», «Кармен», «От қыз» (хореография Мукарма Авахри,) және басқалар.
«Астана Балет» үшін ұлттық шығармалар ерекше маңызға ие репертуар. Олардың өзгешелігі классикалық би мен халық шығармашылығының келісімді бірігуіне байланысты. Бұл қойылымдардың тақырыбы заманауи көрерменге, оның ішінде отандық және шетелдіккөрермендер арасында қызығушылық туғызған, онда қамтылған терең тақырып халық дәстүрлерінің сұлулығын дәріптейді.
«Астана Балет» визит карточкасы – «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы. Оны хореографиялық қойылымдарына отандық және шетелдік хореографтар қатысты. Олардың қатарында М. Авахри, А. Тати, Г.Ковтун және басқалар бар. Қоюшылар олардың негізінде жаңа билер мен сюжеттік қойылымдар жасайды. «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы немесе оның жекелеген нөмірлері үнемі шетелдік гастрольдерге қосылады. Нөмірлердің атаулары ұлттық хореографиялық өнердің бай материалын айғақтайды: «Нұр шашу», «Балбырауын» (Еркін дала), «Арулар», «Қыз қайың», «Асатаяқ», «Кербез сұлу», «Желтораңғы», «Сый-сияпат», «Серілер салтанаты», «Әсем қоңыр» (Ұлы дала әйелдеріне Арнау), «Ұлы дала», «Ер толғауы» (ежелгі дәстүрлер) және тағы басқалар.
Классикалық хореография тілі мен қазіргі заманғы балеттердің тілі би мәдениеті жүйесіне бағынып, ұлттық сенімділікке ие болды және елдің мәдениетін байытты. Театр өзінің жастығына қарамастан, пайда болған сәттен бастап республиканың мәдени өмірімен үйлесіп, Қазақстанның жаңа астанасының өнерін айқын көрсетті.
Мекен-жайы: Астана қ., Ұлы дала даңғылы, 43.