qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ "Астана Опера"мемлекеттік опера және балет театры
"Астана Опера"мемлекеттік опера және балет театры

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы ашылды. «Астана Опера» – Орталық Азиядағы ең ірі театр - әлемдік сәулет өнерінің үздік классикалық дәстүрлеріескеріліп, Қазақтың ұлттық нақышына үйлесіммен салынған.


2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы театр маусымын салтанатты түрде М. Төлебаевтың ұлы туындысы – «Біржан-Сара» операсымен ашты. Сол жылы күзде «Астана Опера» театрының әлемдік премьерасы өтті, ол әлемдік қоғамдастыққа Дж. Вердидің «Аттила» операсын ұсынды. Труппа конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Қазылар алқасына Үлкен, Мариинский және «Ла Скала» сияқты ірі театр өкілдері кірді.

Бірінші театр маусымында П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті тұсаукесері әлемге танымал хореограф – Ю. Григоровичтің қойылымында, сондай-ақ әйгілі француз балетмейстері Ш. Жюдтың қойылымында С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» және әйгілі орыс хореографы Б. Эйфманның «Роден» заманауи балеті өтті. Әртістер Рим операсы, Ла Скала, Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Бордо операсы және Б.Эйфман балет театры сияқты театрлардың ұжымдарымен бірлескен қойылымдар қойды. Театр ғимаратының алдыңғы жағында Самұрық киелі құсы бейнеленгені кездейсоқ емес. Аңыз бойынша, бұл алып мөлшердегі мифтік құс Бәйтерек өмір ағашының басына ұя салған және әлемдер арасындағы медиатор саналады.


Бүгінде «Астана Опера» театрының репертуарын көрнекті ұлттық композиторлар, М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» сияқты опералары, сондай-ақ Ғ. Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарағоз»балеті безендіреді. Әлемдік классика «Аида», «Травиата», «Дон Карлос» Дж.Верди, «Богема», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», «Турандот» Дж.Пуччини, Ж.Бизе «Кармен», «Севиль шаштаразы» және П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», П. Чайковскийдің «Щелкунчик», С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А. Хачатурянның «Спартак», Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Л. Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», А. Адан «Корсар» және «Жизель», Л. Делибтің «Коппелия»; М. Фокиннің «Шопениана» және«Шехеразада», Б. Эйфманның «Роден», Р. Петидің «Париж Құдай Анасының соборы», К. Макмилланның «Манон» және т.б.

М. Төлебаевтың "Біржан–Сара" Операсы

Театрдың бас дирижері - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев; Балет труппасының көркемдік жетекшісі - С. М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театры, Мариин театры, ағылшын Корольдік балеті және Ролан Петидің Марсель балеті сахналарында өнер көрсеткен Ресей Халық әртісі Алтынай Асылмұратова.


«Астана Опера» театрындағы спектакльдер Франко Дзеффирелли, Юрий Григорович, Борис Эйфман, Джанкарло Дель Монако, А.Бурибаев сияқты атақты шетелдік және отандық мәдениет қайраткерлерінің қойылымында сценограф Эцио Фриджерио мен костюм бойынша суретші Франка Скуарчапиноның қатысуымен өтеді.

Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" Операсы

«Астана Опера» сахнасында әр жылдары белгілі қазақстандық әртістер — Бибігүл Төлегенова, Әлібек Днишев, Айман Мұсахаджаева және Нұржамал Үсенбаевамен бірге әлемдік музыкалық өнер жұлдыздары: Пласидо Доминго, Зубин Мета, Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Светлана Захарова және Ильдар Әбдіразақов өнер көрсетті. Театрда миландық Ла Скала театры, неаполитандық «Сан-Карло», генуялық «Карло Феличе», Ұлттық Париж операсы және Санкт-Петербургтің Мариин театры гастрольдік сапармен болды.


2014 жылы «Астана Опера» (Нью-Йорк — Торонто — Париж — Антверпен — Роттердам) әлемдік туры өтті; сондай-ақ Маскат Корольдік театрында (Оман), Graz Opera (Австрия); Мариин театрында (Ресей), Муниципалдық театрда (Бразилия), Рим операсында (Италия), «Карло Феличе» (Италия), София патшайым өнер сарайы (Валенсия, Испания) және басқа театрларда гастрольдер өтті. Елордалық театрда ЭКСПО-2017 аясында Пласидо Домингоның «Опералия» ХХV халықаралық вокалистер байқауы өтті.

«Астана Опера» театры екі рет лауреат атағына ие болды: А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының (2018) және «Жылдың театр алаңы» номинациясында классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлығының (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019) иегері.


Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» театры әлемнің көптеген театрларынан кем түспейді, кейде асып түседі. Театрдың барлық бөлмелері, соның ішінде көмекші бөлмелер (арьер сахнасы, түрлі шеберханалар, көптеген дайындық залдары) және театр механизмін қозғалысқа келтіретін және тиімді ететін барлық құралдар әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.


Ескерту:


Ғимарат Астанада Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1 үй мекенжайында орналасқан. Ғимараттың құрылысы 2010-2013 жылдары жүргізілді. Театрдың сыртқы келбеті мен интерьерінде 33 елден келген сәулетшілер, құрылысшылар мен мамандар тобы жұмыс істеді. Кіреберіс едені, қабырғалары, сәндік панельдер және бұралған мәрмәр баспалдақтары сицилиялық мәрмәрмен қапталған. Негізгі кіреберісте мүсіншілер М. Мансұров пен Т. Ермековтың «Қобызшы» және «Жетіген қыз» композициялары безендірілген. Театр ғимаратына орнатылған квадрига - сақ патшайымы Томиристің басқарушы арбасын бейнелейді (авторы: Қанат Нұрбатуров).