qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ ҚР Орталық мемлекеттік музейіндегі «Ысқымен ойнайтын аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясы»
ҚР Орталық мемлекеттік музейіндегі «Ысқымен ойнайтын аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясы»


Қазақстанда скрипка мектебінің дамуы мен халықаралық деңгейдегі музыканттардың пайда болуы 17-18 ғасырдағы италиялық шеберлердің жоғары сапалы аспаптарын сатып алу қажеттігін туғызды.

Осыған байланысты, 1986 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметі Ықылас атындағы республикалық халық аспаптары музейі жанынан музыкалық аспаптар бөлімі ретінде ысқымен ойнайтын аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясын құрды.

Ысқымен ойнайтын аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясын құрудағы мақсат халықаралық конкурстарға қатысу үшін дарынды жастардың және концерттік қызмет үшін жетекші шебер орындаушылардың құралдарын ұсыну.

- жалпыұлттық және әлемдік мәдени маңызы бар әр түрлі елдердің, мектептердің, дәуірлердің шеберлердің ысқымен ойнау аспаптарын: скрипка, альт, виолончель, контрабас пен ысқыларды анықтау, зерделеу, сақтау, қалпына келтіру және ысқымен ойнайтын бірегей музыкалық аспаптарды орындаушылық практикада пайдалану;

- шет елге шығару кезінде ысқымен ойнайтын музыкалық аспаптарға сараптама жүргізу;

- ҚР шегінен тыс жерлерге шығу кезінде кеденнен өту кезінде жеке және заңды тұлғалар үшін төлқұжат ресімдеу;

37 жыл ішінде ең бай қор жиналды. Мемлекеттік коллекцияда жалпы сомасы 559 млн. теңге болатын 20 экспонат бар, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының бөлігі. Барлық құралдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізілген және олар ҚР игілігі.

Мемлекеттік коллекцияда 17-18 ғасырдағы көрнекті шеберлердің ысқымен ойнайтын аспаптары: Италия мектебінің (12 аспап), Тироль мектебінің (1 аспап), Вена мектебінің (1 аспап), 5 скрипка ысқысы және 1 виолончель ысқысы жинақталған.

17-18 ғасырдағы шеберлердің италиялық аспаптар қоры бүгінде мемлекеттік коллекцияда негізінен төрт мектеппен (Кремона, Венеция, Милан және Болон) ұсынылған.

Кремона мектебі бес аспаптан тұрады (скрипкалар): Страдивари–1, Амати -1, Гуарнери -3.

Венеция мектебі үш аспаптан тұрады: шебер Санто Серафиннің бір виолончелі және скрипка шебері Пьетро Гуарнеридің бір скрипкасы (венециалық).

Милан мектебі шебер Джовани-Баттиста Гваданинидің бір скрипкасымен ұсынылған.

Болон мектебі мастер Маттео Минозцидің бір скрипкасымен ұсынылды.

Мемлекеттік коллекция қорында Неаполь мектебінің шебері Винченцо Панормоның екі аспабы бар. Лондон кезеңінде 18 ғасырдың соңында жасалған скрипка мен альт.

Сондай-ақ белгісіз Вена шебері мен белгісіз италиялық шебердің екі скрипкасы бар.

Кеңес заманында құралдарды іздеу және сатып алу КСРО аумағында жүзеге асырылды, оны сатып алу үшін мемлекет бюджеттен қаражат бөлді (соңғы рет 2006 жылы бөлінген).

Мемлекеттік коллекцияның мақтанышы - италиялық шебер Санто Серафиннің виолончелі шебер жасаған және әлемде бүгінгі күнге дейін сақталған он виолончельдің қатарына кіреді.

- Қазақстан Республикасын әлемге танытып жүрген А. Мұсаходжаева ойнайтын италиялық шебер Омобоно Страдиваридің скрипкасы.

- М. Бисенғалиев италиялық шебер Гуарнеридің скрипкасымен Германиядағы Бах атындағы конкурста лауреат атанды.

Гвадания, Амати, Понормо, Албани, Минозци және т.б. италиялық шеберлердің скрипкаларымен өнер көрсеткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория мен Қазақ ұлттық өнер университеті студенттері жыл сайын халықаралық конкурстардың лауреаттары атанады.

Республикадағы музыкалық нарықта тек Мемлекеттік коллекция талантты жастарға халықаралық конкурстарға қатысуға арналған құралдарды және концерттік қызметке қатысу үшін көрнекті аспапттарды музыканттарға ұсыну арқылы осындай қызмет түрін жүзеге асырады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта посткеңестікте Мемлекеттік коллекциялар тек Ресей мен Қазақстанда ғана сақталған.

Мемлекеттік коллекцияны Қапеу Болат Тілеуханұлы жасады, ол құрылған күннен бастап қазіргі уақытқа дейін оның тұрақты директоры. «Ысқымен ойнайтын аспаптардың бірегей мемлекеттік коллекциясы» РМҚК басшысы ысқымен ойнайтын музыкалық аспаптардың сарапшысы бола отырып, кәсіпорынға жалпы басшылықты орындайды, Мемлекеттік коллекцияның сараптамалық кеңесін басқарады және Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығатын ысқымен ойнайтын аспаптардың музыкалық аспаптарға жеке сараптама жүргізеді.


Мекен-жайы: Алматы қ., Самал-1 ш/а.

ҚР орталық мемлекеттік музейі