qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Мемлекеттік рәміздер туралы
Мемлекеттік рәміздер туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер - кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттардың бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздергеМемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран жатады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында күн сәулесі бар, астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көк түсті тікбұрышты мата. Біліктің жанында ұлттық ою-өрнегі бар тік жолақ бар. Күннің, оның сәулелерінің, бүркіттің және ұлттық ою-өрнектің бейнесі - алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар.

Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңба авторлары белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

   

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Алғашқыда «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстан әнұраны 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламентте қабылданды.

Алғаш рет 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты инаугурациясы кезінде шырқалды.

Музыка авторы композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов.