qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Ұлттық мейрамдар
Ұлттық мейрамдар

Ұлттық мейрамдар 

Ұлттық мейрамдар мемлекеттің дамуына елеулі ықпал еткен ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстанда белгіленген мерекелер. Осы ерекше күндерде, әдетте, орталық және жергілікті билік органдарында ресми іс-шаралар өткізіліп, халықты өз еліне деген мақтанышпен біріктіреді.

Наурыз Мерекесі.

Наурыз ежелгі заманнан бері қалыптасқан 22 наурызда атап өтілетін көктем мен жыл басымейрамые. Бұл күні күн мен түн теңеліп, табиғаттағы және әр адамның өміріндегі тепе-теңдікті білдіреді. Бұл парсы, кавказ және түркі халықтары үшін қуаныш, кездесу және жаңа жылдың бастауы. Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» деген атпен де белгілі.

«Ұлыстың ұлы күні» әрқашан қазақ халқы үшін қасиетті болып саналды. Адамдар қол алысып, амандасып, ізгі тілектерін білдірді. Жомарт дастархан жайылады. Алтыбақан орнатылада. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, бәйге, қыз қуу және басқа да ойындар өтеді. Наурыз мейрамы -қыстың қатал кезеңінен өткен адамдардың көктем мен жаңа жылдың келуіне қуанатын сәті.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні.

1 мамыр - Қазақстан халқының ең үлкен мерекелерінің бірі. Ол елдің барлық аймақтарында атап өтіледі. Бұл күн ел аумағында тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің бірлігін, келісімі мен әл-ауқатын атап өтуіне себеп. Бүкіл ел бойынша өткізілетін патриоттық іс-шаралар этностардың алуан түрлілігін және олардың қазақстандық үйде бірігуін көрсетеді.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. 

1992 жылы 7 мамырда елдің Ұлттық Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. 2012 жылғы 4 қазанда Парламент «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы қабылдады. 2012 жылдан бастап 7 мамыр мемлекеттік мереке санатына қосылды, ол Отанын қорғайтын батырларға арналған. Сондай-ақбүл күні ардагерлердің Тәуелсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қосқан үлестері де атап өтіледі.

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы. Қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйекте күшіне енді. Конституция 9 тараудан және 98 баптан тұрады.

Конституция - мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін құрайтын құжат. Бұл күн мемлекет құрылған қағидаттарды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы еске салады.

Бұл Тәуелсіз Қазақстан қабылдаған екінші конституция. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.

25 Қазан - Республика күні.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан Тәуелсіздігі декларациясы қабылданды. Бұл елдіңтәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы. 2022 жылғы маусымда Ұлттық жиналыс отырысында президент Қ.К. Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Тәуелсіздік күні жыл сайын 25 қазанда еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтіледі. Республика күні тарихи оқиғаның символы және мемлекеттілікті қалыптастырудағы маңызды кезең. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда нақты бекітілген. 

16 декабря – День Независимости Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы терең ел жаңа дәуірде егемен мемлекетке айналған күн. Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Қазақстанның түкпір-түкпірінде мерекелік мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өтеді. Бұл күн еліміздің барлық тұрғындары мен шетелдегі қазақстандықтар үшін мақтаныш пен еркіндіктің символына айналды.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақ елдері тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Қазақстан олардың қатарында болды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы» заң қабылдады.

Осы ұлттық мерекелердің әрқайсысы Қазақстан халқын үйлесімділік пен патриоттық рухта біріктіре отырып, терең мағына мен маңызды тарихи құндылықтарға ие.