Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы - ұлттық музыка өнерінің бесігі. Ол 1935 жылы 14 қаңтарда құрылды.
Кеңес Одағы республикаларының қалыптасу кезеңінде музыкалық мәдениетті, өнерді қолдауға, ұлттық-көркемдік ұжымдарды құруға үлкен көңіл бөлінді, бұл шаралар Алматы қаласында филармония ашуға алып келді.
Филармонияның бірінші директоры және көркемдік жетекшісі – көрнекті музыкатанушы, композитор, дирижер, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР ҒА академигі, қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халық музыкасы туралы «Ғасыр жолдары» және «Ғасыр бұлбұлы» монографияларының авторы Ахмет Жұбанов.
А.Жұбанов кеткеннен кейін филармонияны мәдениет өкілдері басқарды, олардың арасында шығармашылық еңбегімен шығармашылық ұйымның одан әрі дамуы мен өркендеуіне ықпал еткен көрнекті музыканттар болды. Олардың есімдері қазақ музыкалық өнерінің тарихына енді: Е. Брусиловкий, А. Қапламбеков, М.Қойшыбаев, С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, Б. Амангелдиев, М. Бестыбаев, Т. Ибраев, Ә. Дәуітбаев, Т. Әлпиев, М.Өтеуов, Қ. Оразғалиев.
Бастапқыда филармония өз қабырғасында 14 музыканттан тұратын домбырашылар ансамблін, хор және солистердің үлкен тобын біріктірді. Филармония солистері – Дина Нұрпейісова, Науша Бөкейханов, Қали Жантілеуов, Оқап Қабігожин, Лұқпан Мұхитов, Рүстембек Омаров, Өрия Тұрдықұлова, Гарифулла Құрманғалиев, Қосымжан Бабақов, ағайынды Ришат және Муслин Абдуллиндер.
Дәстүрлі музыка мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын дәріптеу филармония 89 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан музыкалық саясаттың басты қағидаты. Репертуарлық саясатты кеңейту үшін филармонияда әлемдік классика мен халықтық-кәсіби музыка туындыларымен жаңа көркемдік топтар – симфониялық, үрмелі, камералық, фольклорлық-этнографиялық оркестрлер, хор капелласы, ішекті квартет, ағаш-үрмелі аспаптар квинтеті құрылады.
Осы шығармашылық ұжымдарда шын мәнінде өз ісінің шеберлері еңбек етті. Олардың есімдері кеңінен танымал және олар қазақ кәсіби музыкасының мақтанышы. Нұрғиса Тілендиев, Фуат Мансұров, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Мағауия Хамзин, Шамгон Қажығалиев, Анатолий Молодов, Нұрғали Нүсіпжанов, Анатолий Келберг, Юрий Клушкин, Тимур Мыңбаев, Темір Ткишев, Қаршымбай Ахмедияров, Төлепберген Әбдірашев, Айман Мұсахаджаева, Гүлжаміл Қадырбекова, Жәния Әубәкірова, Гаухар Мырзабекова, Ғалия Молдақәрімова, Бейімбет Демеуов, Ғабит Несіпбаев, Аида Аюпова, Жанар Сүлейманова және басқалар.
Олардың жанқиярлық еңбегінің арқасында елімізден тыс жерлерде кеңінен танымал Қазақ ұлттық орындаушылық мектебі құрылды. Бүгінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының орындаушылары мен көркемдік ұжымдары әлемдегі ең беделді концерт залдарында өнер көрсетеді.
Филармония өз шығармашылығымен республиканың музыкалық өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосқан отандық композиторлардың ерекше туындыларын насихаттауда үлкен рөл атқарды. Филармония сахнасы халық аспаптарында орындалатын халық музыкасынан бастап ірі симфониялық формаларға дейін әртүрлі жанрларды ұсынады. Бүгінде олар қазақ музыкалық өнерінің қазынасының әшекейі.
Филармониялық ұжымдар мен солистердің репертуарында дәстүрлі композиторлардың шығармалары – Абай, Біржан Сал, Жаяу Мұса, Дәулеткерей, Құрманғазы, Ыкылас, Мұхит, Балуан Шолақ, Ақансері, Қазанғап, Сүгір және қазақ кәсіби музыкасының түсін құрастырған қазақстандық композиторлардың шығармалары — Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Қапан Мусин, Аблахат Еспаев, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов, Нұрғиса Тілендиев, Құддус Қожамияров, Мақал Қойшыбаев, Ғазиза Жұбанова, Еркеғали Рахмадиев, Анатолий Бычков, Георгий Гризбил, Базарбай Жұманиязов, Мансұр Сағатов, Кенжебек Күмісбеков, Бакир Баяхунов, Мыңжасар Маңғытаев, Теміржан Базарбаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Тілес Қажығалиев, Жолан Дастенов, Алмас Серкебаев, Кеңес Дүйсекеев, Төлеген Мұхамеджанов, Жоламан Тұрсынбаев, Балнұр Қыдырбек, Алмабек Мейірбеков, Бақтияр Аманжолов, Серік Еркімбеков, Бейбіт Далденбаев, Артық Тоқсанбаев, Қуат Шілдебаев, Ақтоты Райымқұлова, Әліби Мәмбетов, Серік және Әліби Әбдінұров және т. б.