qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ Тарихи-мәдени мұра
Тарихи-мәдени мұра

Тарихи-мәдени мұра объектілері елді мәдени коммуникациялардың жаһандық кеңістігіне интеграциялаудың, мәдени-тарихи месседждердің қатаң бәсекелестігі жағдайында мәдени-гуманитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды функцияларын жүзеге асырады.


Олардың туризм объектілері ретіндегі орасан зор ұлттық экономикалық әлеуеті де айқын, соның арқасында елімізді таныту көрсеткіші артып, туристер легін ұлғайту жоспарланып отыр.


Мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылы тетіктерін жетілдіру мәселелерінде тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми зерттеу, зерделеу, жаңғырту, қайта құру және олардың бүгінгіні өткен күнмен сәйкестендіру құралы ретінде сақталуын қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.


Бүгінгі таңда Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы 25000-нан астам объектіні құрайды, оның 254-і республикалық маңызы бар, 12214 мыңы жергілікті маңызы бар объектілер, 12527-і облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізімдеріне енгізілген. Тарихи-мәдени ескерткіштердің ішіндегі 10 ескерткіш дүниежүзілік мұра ретінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мәртебесіне ие, олар ескерткіштердің жалпы санының 0,08 % құрайды.


Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының көрнекті объектілері – «Алтын адам», Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтер кешені, Отырар, Бозоқ, Ботай, Түркістан сияқты ежелгі қалалары елдің ұлттық мәдени брендін құрайды. Сондай-ақ, елде әдеби құндылықтар да бар. Қазақтың ең танымал және көрнекті лирикалық-эпикалық «Қыз Жібек»поэмасы ЮНЕСКО желісі бойынша әлемдік мәдени мұраға енген.


Тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу саласындағы қызметтің басты бағыттарының бірі – бірегей тарихи-мәдени ескерткіштерді әлемдік кеңістікте біріктіру. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізімінде Қазақстан тарапынан үш номинация аясында ұсынылған 10 тарихи-мәдени ескерткіш бар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Таңбалы» петроглифтері және «Ұлы Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі»: Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек. Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген объектілердің санын көбейту мақсатында жаңа номинациялық құжаттар әзірленуде.


2018 – 2020 жылдар аралығында Қазақстанның киелі объектілері туралы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде 60 бейнеролик әзірленді, жалпыұлттық киелі объектілердің 3D-турлары бар виртуалды карта және өңірлік киелі объектілердің интерактивті картасы жасалып, оларды цифрландыру жүзеге асырылды.


Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында республикалық қорық-музейлері маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда олардың желісі 12 бірлікті құрайды.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Таңбалы», «Отырар», «Ұлытау» қорық-музейлерінің визит орталықтарын салу және оларды толық музейлендіру жұмысы аяқталды. «Сарайшық», «Ордабасы», «Гаухар-Ана», «Сауран», «Есік» визит орталықтарының құрылысы басталды. Астана қаласының аумағында ашық аспан астындағы «Ежелгі Бозоқ қалашығы» ұлттық археологиялық саябағын құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясында бүгінгі таңда қалашықтың бекініс қабырғаларын салу және Бозоқ визит-орталығының жобалау жұмыстары жүзеге асырылуда.


Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 49 тарихи-мәдени мұра объектісіне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Түркістан қаласының тарихи бөлігінің 17 объектісі жаңа тарихи келбетке ие болды. Ежелгі Отырардың 10 маңызды объектісі жаңғыртылды.


2020 жылы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді, оны орындау мақсатында бірқатар нормативтік актілер қабылданды. Атап айтқанда, археологиялық жұмыстарды, тарихи-мәдени сараптаманы жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі жаңа қағидалар, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі баға нормативтері, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне ұсыну қағидалары енгізілді. Бұл ретте археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау институтын енгізу тиімді шаралардың біріне айналды. Бұл норма ескерткішке жұмыстар жүргізу бойынша қосарланған қаржыландырудың, сондай-ақ «қара археологияның» алдын алуға бағытталған.


Қазіргі уақытта тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның әкімшілігі 8 ғылыми жоба бойынша археологиялық жұмыстар жүргізуде, оның ішінде ежелгі Бозоқ қалашығы, Ботай қонысы және еліміздің басқа да өңірлеріндегі тарихи ескерткіштер бар. 2030 жылға қарай ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің үлесі Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы санынан 40% - ға дейін ұлғаяды, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Сауран археологиялық кешені, Сарайшық, Ботай қалашықтары және басқалар.


Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша археологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесінде 1500-ден астам артефакт және тарих заттары (алтын, қола, күміс, саз, фарфор, тас және т.б.) табылды, оның ішінде 438 артефакті және тарих заттары қалпына келтіріліп, республикалық музейлерге өткізілді.


Қазақстан тарихын терең зерттеу мақсатында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің жаңа орындары бойынша 75-тен астам іздестіру жұмыстары жүргізілді.


Осы жұмыстарды жүргізу барысында 2020 - 2022 жылдар аралығында халықаралық конференциялар материалдарында және ғылыми журналдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексінің базасында, Scopus базасында индекстелетін ғылыми журналдарда 60-тан астам мақала жарияланды.


Жалпы бүгінгі таңда елімізде тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, қорғау, пайдалану мәселелеріне белгілі бір тәсіл және саланы реттеу мен қолдаудың тиімді нормативтік құқықтық базасы қалыптастырылды.

Елімізде 25000-нан астам тарихи-мәдени мұра объектілер бар, олардың көпшілігі ғылыми зерттеу мен археологиялық жұмыстарды қажет етеді.

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысынан)


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО-ның мүшесі болды. Ал алғашқы қазақ нысаны 2003 жылы ЮНЕСКО тізіміне енді. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болды. Дүниежүзілік мұра тізіміне бірегей сәулет және табиғи нысандар да кіреді. Бүгінде Қазақстанда 50-ден астам клуб, 30-дан астам арнайы мектеп және ЮНЕСКО-ның 6 кафедрасы жұмыс істейді.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан қаласы) (2003)

Танбала археологиялық Ландшафт Петроглифтері (2004)

Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері (2008)

Жібек жолы: Chang ' an-Tianshan Corridor Routes Network (2014)

Батыс Тянь-Шань (2016)

Қоңыржай Тұран шөлдері (2023)