qazaq culture

buy tickets

kz
English Қазақша Русский Turkçe 中国语文科 العربية Español Français
Басты бет
/ Мәдени мұра
/ «Фараб» Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
«Фараб» Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

2021 жылы елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи технологиялармен жабдықталған көпфункционалды білім беру кешені салынып, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында пайдалануға берілді. Кітапхана Түркістанның облыстық орталығы мәртебесін алу құрметіне Шымкент қаласы жасаған сый.

Жалпы кітап қоры – 219642, оның ішінде қазақ тілінде – 84333 дананы құрайды.

Кітапхананың бірегей басылымдары - 19 ғасырдағы кітаптар. Кітаптардың ішіндегі ең көнесі К. А. Ясауи «Дивани-хикмет», ол «Даналық кітап» көшірмесінің үлгісі.

Сирек қор кітаптары, қолжазба мұрасы:

ХІХ-ХХ ғасырларда жазылған шариғат заңдары, Имам Оргсам Әбу Ханифаның дін кітабы, Құран, ислам діндері, Пайғамбарлар тарихы, фиқһ мәселелері, хадистер, хикметтің сөздері мен тарихы, лингвистика, Араб тілін үйрену грамматикасы, логика салалары. Олардың ішінде: шығыс тілдеріндегі кітаптар: араб, парсы, түркі тілдерінде.

Жалпы Қор - 315;

1929 жылдан 1940 жылға дейін латын тілінде жазылған деректер;

Қазақ және орыс классиктерінің қолжазбадағы еңбектері, орыс және шетелдік зерттеушілердің 1912-1929 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері;

1890 жылдан бастап Сырдария, Жетісу, Түркістан, Ақмола өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы, демография, мал шаруашылығы және т.б. салаларының құжаттары.